№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЖЫЛУ ЖИНАП, ҮЙ САЛЫП БЕРДІ

ЖЫЛУ ЖИНАП, ҮЙ САЛЫП БЕРДІ

   Міне, желіге салынғаны сол-ақ екен жаңа­қорғандық жастар жақсылық жолында жарысуға белсене кірісті. Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров, жас кәсіпкер Арман Мажитов, желі белсендісі Серік Бақытұлы бастаған көшбасшы жастар «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы Ақзила ананың көмек сұраған бейнеүндеуінен елді хабардар етті. Ең алғашқылардың бірі болып, жаңақорғандық ерікті жас Данияр Досантаев 89-жылғы замандастарын жинап, іске кірісіп кетті. Кент­тегі «Май бекеті» 10-көшеде орналасқан Ақзила апаның үйіне барып, жағдайымен танысты. Вагон алып барып, масаханадан темір баспанаға көшірді. Соңыра іргетасы құйылып қойған шағын тұрғын үйдің қабырғасынан бастап, кілтін тапсырғанша құрылыстың басы-қасынан табылды. Мұнан кейін аудандық мешіт, «Хисамиддин Сығанақи», «Қум сахаба» мешіті жамағаты қаржы жинап қана қоймай, қол жәрдемін созды. Ауданның бас имамы Сайдулла қажы Омаров жиналған қаржыны үйлестіріп, қажетті құрылыс заттарына ғана беріп отырды. Не керек, 2 айдың ішінде 4 бөлмелі баспана толық бітті. Кенттегі 3 мешіттің жамағаты бір қазан палауын басып, қоныс тойын жасады. Шашуға кілемі мен теледидарын апарып тағы бір қуанытты. Жастар жағы аудан имамдары мен ел ағаларын шақырып, ақ батасын алды. Осылайша, көп алдында әлеуметтік қызметкер Жазира Егенбердиева мен Ақзила Исаметова қуаныштан еріксіз көзіне жас алды. Жігерлі жастардың нәтижелі жұмысына мың қайтара алғысын айтты.
Иә, жомарттықтың негізгі өзегі – қайырымдылық. Ал, риясыз түрде жасалған көмектің сауабын Алла береді. Ал, сауап көзге көрінбейтін нығмет. Жаратқанның алдына барғанда жүзің жарық болады. Бұл дүниеде кәсібіңе береке береді. Десе де, біз аудан орталығындағы «Май бекеті» 10-көшеде болған сынақтан қабырғалы қазақ елі, қашанда қайғыда қалған қауымын тасада қалдырмайтынын ұқтық. Ел-жұрт «садақаны сауыңда бер» деп, жұдырықтай жұмылғанына қуандық. Әлі де болса, бұқараның пейілі кең екенін түсіндік. «Алманы алма көріп, нәр алар» деген ниетте айта кетсек, желіге жарияланған ақ самайлы ананың жанайқайын естіген ел анасы Жамал апа Омарова арнайы келіп, қомақты қаржысын садақа етті. Жалпы халықтан 1,5 млн. теңге қаржылай ақша жиналса, қалғаны құрылысқа қажетті материалдық зат әкеліп берді. Бұлда болса, тұрғын үйдің тез бітуіне себеп болды. Әрине, қол ұшын созған жомарт жандардың барлығын есімін атап, түсін түстеу мәре емес. Сауабын қашырмай, атсалысқан барша жандарға Алланың разылығы болсын деген ниеттеміз. Осы бір тұста, дін мен дәстүрдің сабақтастығын айтпай кету мүмкін емес. Қаймағы бұзылмаған қазақы жылу жинау дәстүрін асарға айналдырып, имандылықтың үздік үлгісін көрсете білген жастар – шынында туған жердің патриоты екенін іспен дәлелдеді.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
30 қазан 2018 ж. 1 115 0