Сұхбат

№9 (8617) 31

31 қаңтар 2023 ж.

№8 (8616) 28

28 қаңтар 2023 ж.

Өңірлік

25 қаңтар 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
» » Жастар саясаты

Жастар саясаты


Қ
ызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы арнайы іс-сапармен Жаңақорған ауданында қонақта болып, аудан жастарының тыныс-тіршілігімен танысып, түйткілді мәселелерді ортаға салып, шешілуіне ықпал жасап, ауданда жасалып жатқан жүйелі жұмыстарға ризашылығын білдірді.
Сонымен бірге аудан жастары ерекше ықылас танытқан, облыс бойынша тапсырылуы мен тіркелуінен көш бастап тұрған Zhas project жобасы жайлы көкейде жүрген сауалдарға жауап алды. Келелі басқосуда Жаңақорған ауданы мен Манап Көкеновтің 90 жылдығы және "Жаңақорған тынысы" газетінің 85 жылдығына орай Жаңақорған жастар ресурстық орталығы мен Арман асуы қоғамдық қоры ұйымдастырған 1 айға созылған жазба ақындар мүшәйрасының қорытынды марапаттау рәсімі болып өтті. Жеңімпаз атанған жас өрен өзінің тамаша жыр жолдарын тарту етті. Шараға Жаңақорған жастар ресурстық орталығы мамандары, ауданның белсенді жастары, қоғамдық ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары қатысқан болатын.
13 шілде 2018 ж. 1 079 0