Ел игілігіне еңбек еткен кәсіпкер
2018-2021 жылы Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жарияланып, кәсіпкерлікті қолдаудың нақты бағдарламалары ұсынылды. Расында, дамыған елдердің тәжірибесінде шағын және орта бизнес экономиканың қуатын арттырып отыр. Ендеше озық отыз елдің қатарына енуде кәсіпкерлік саласын дамыту маңызды. Осы ретте, Сыр өңірінде өзінің іскерлігі және ұйымдастырушылық қабілет-қарымымен кім ерекшеленеді? Тұңғыш Президенттің «Туған жер» бағдарламасын жандандырып, өзінің ауылының әлеуеті артуына қандай кәсіпкерлер үлес қосуда. Бұл сұрақтың жауабын іздегенде Қармақшы ауданындағы «Ақтөбе и К» ЖШС төрағасы Нұрлан Іздібаев еске түседі. Сондықтан, іскер азаматпен кездесіп, серіктестіктің серпінді жұмыстарын көру мақсатында жолға шықтық.
БІР АУЫЛ – БІР КӘСІП
Біздің «Бір ауыл – бір кәсіп» деп ұрандатып жүрген идеяны Ақтөбеден көрдік. Кезінде тұрмысы тұралап, шаруашылықтары ұсақталып, тұрғындары әр жаққа кете бастаған ауылды Нұрлан Тұрғанбекұлы бір шаруашылыққа біріктіреді. Тәуекелшілдігі мен шұғыл шешім шығаруының нәтижесінде жұмысы жүйеленіп, ісіне береке келеді.
Сондықтан бірінші сұрақты: «Кәсіпкер деген кім? деген сұрақтан бастадық.
– Кәсіпкердің бойында зиялылық қасиет болғаны дұрыс. Ал зиялы адам елдің игілігіне қызмет етіп, кіндік қаны тамған өлкенің дамуына үлес қосады. Ісімен де, сөзімен де елдік мүдде үшін қызмет етеді, – деп жауап қатты кәсіпкер.
Бүгінде Нұрлан Іздібаев басқаратын «Ақтөбе и К» серіктестігі ауыл халқының жартысынан көбін жұмыспен қамтып отыр. Оның үстіне, әлеуметтік жұмыстарға белсенді қатысып, Ақтөбенің ажарлануына үлес қосып келеді. Былайша айтқанда, ақтөбелік ағайын дала жұмысына төселіп, бір кәсіпті дөңгелетіп келеді.
Нұрлан Іздібаев көпшілікке қайырымдылығы тиген меценаттығымен танымал. Осы қамқорлығымен ол былтыр республикалық «Жомарт жүрек» жобасы аясында «Туған өлке» аталымын жеңіп алады.
Мысалы, ауылға кіре берістегі ұлттық стильде арканы орнатуға – 10 млн. теңге, ауыл көшелерін көрнекі-ақпараттық насихаттық құралдармен, тақтайшалармен безендіру жұмыстарына 2 млн. теңге, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына 2,5 млн. теңге, ауыл орталығындағы Е.Сексенбаев атындағы орталық саябақты абаттандыруға 10 млн. теңге, Ақтөбе ауылы туралы «Туған жер – тұнған шежіре» кітабын шығаруға 1,5 млн. теңге, «Жахаев ізбасарлары» еңбек лагеріне 1 млн. теңге демеушілік көмек көрсеткен. Ал, клуб үйнің жөндеу жұмыстарына 47 млн. теңге жұмсады. Нақтысын айтқанда, 70 млн. теңгеден аса қаржыны ауыл келбеті үшін бағыттайды.
Әрине, аз қаржы емес. Алайда ауылы үшін, ауылдастырының жайлы өмірі үшін қолындағы барын беруге дайын екенін айтты.
– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер” айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады» деді. Елбасының елдің әлеуетін арттыратын жобасына белсенді қатысу – менің азаматтық міндетім. Сондықтан, елді мекендегі әлеуметтік-рухани, спорттық-мәдени жобаларға белсенді қатысып, қаржылай қолдап келемін. Әрине, мұнымен мақтанбаймын. Тек бір шеге қақсам да ауылыма бағыттап, Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық қуатын арттырсам деген ұстанымдамын, – дейді жаны жомарт кәсіпкер.
Мәдениеті озық елді ешнәрсе күйрете алмайды. Осыны терең түсінетін кәсіпкер клуб үйін күрделі жөндеуде өткізуге мән беріп, мәдениет үйін заман талабына сәйкестендіреді. Ауылға кіре беріс жолдың оң жақ бойына ағаш отырғызған. Тіпті, үйін өрт шалған ауылдасына жаңа баспана тұрғызып берген. Жыл соңына дейін ауыл ішінен шағын алаң (газон) мен баскетбол және волейбол ойнайтын спорттық нысан салуды жоспарлап отыр. Ауыл ішін қоқыстардан тазартып, жасыл желекке бөлеуді де межеге қойғанын білдік. Міне, осыдан «ауылына қарап азаматын таны» деген мақал еріксіз ойға оралады. Біз естіп, көрген игі істердің бір парасы осындай. Ал, қайырымдылыққа келетін болсақ, мектептегі акцияларда үнемі белсенділік танытуға тырысады.
Міне, үлгі болатындай жанның ауыл үшін атқарып жатқан қыруар жұмысы осындай.
ЖЕРГЕ ЕТКЕН ЕҢБЕК ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ
Бізді шаруашылығын дамытудағы тәжірибесі қызықтырды. Сондықтан сұрақты осыған бағыттадық.
– Аға, ауылға келудегі мақсат – Ақтөбе ауылында атқарылып жатқан тың бастамаларды зерделеп, біздегі кәсіпкерлерге үлгі ету, – дедім.
Орта бойлы, кең иықты, бидай өңді ел ағасының нық басқан қадамдарынан рухы мықты, мақсатының айқын екенін аңғарасыз. Сөзі салмақты, ойы орнықты Нұрлан Іздібаев:
– Е-е-е, қазір Үкімет пен әкімдіктер барлық мүмкіндіктерді жасауда. Тек белсенді жұмыс жасап, бағдарламаларды тиімді игерсең болғаны, – деп ағытты әңгіме тиегін.
Ат шаптырым жерден арнайы келгендіктен сұрақтарымды рет-ретімен қоя бастадым...
– Аға, кәсіпкерлікке қалай келдіңіз?
– Мен қызметтік жолымды мектеп бітірісімен колхозда жұмысшы болып бастадым. Әскер қатарында болдым, одан кейін Чапаев колхозында күрішші-механизатор болып қызметке орналастым. Осы жылдардан бастап дала жұмысының қыр-сырын жетік меңгердім. Десе де, өмірімнің біраз бөлігі құқық қорғау, заң саласында өрбіді. Ал, кәсіпкерлікпен 2009 жылдан бастап айналысудамын.
Шыны керек, ауылға инвестиция құяр алдында менде екі таңдау болды. Бірі – Алматы қаласында кәсібімді ашу, екіншісі – ауылдың өркендеуі жолында қызмет жасау. Мен екіншісін таңдадым, себебі, менің бала кезгі арманым ауылдың әл-ауқатын көтеру болатын. Жалпы, шаруашылық жұмысының өркендеуінде Ғалым Әміреев бағыт-бағдар беріп, демеді.
– Осы жайлы тарқата айтсаңыз...
– 2015 жылдың күзінде. Егінді жинап болған уақыт болатын. Ол кезде Ғалым Әміреев облыс әкімінің орынбасары-тұғын. Ол облыс әкімінің тапсырмасына сай Иранға іскерлік сапарға барды. Мені де делегация қатарына қосты. Иран ауыл шаруашылығы жақсы дамыған ел. Оның үстіне, үлкен нарық десек, күрішке деген сұраныс та жоғары. Сондықтан бізді ондағы күріш өнімі қызықтырды. Иран жылына 2 млн. тоннадай өнім жинаса, оның 900 мың тоннасын сырттан сатып алады. Күріштің бұл түрі біздегі өсіріліп жатқан жергілікті сорттардан бірнеше есе қымбатқа бағаланады. Делегация басшыларының делдалдығымен ирандық кәсіпкерлерімен мәмілеге келдік. Яғни, олардың күрішін біз егіп, өздеріне қайтадан сатуға мүмкіндік алдық.
– Ирандық күріш қымбат дедіңіз. Біздің күріштен айырмашылығы қандай?
– Нарықта «Торем Хошеми» сорты жергілікті күріштен 7-8 есе қымбат тұрады. Яғни, күріштің әр келісін 950-1000 теңгеден өткізуге болады деген сөз.
– Демек, күріштің осы түріне басымдық бердіңіз. Солай ма?
– 2016 жылы тәжірибе ретінде 2 гектарға «Торем Хошемиді» еккен едім. 2017 жылы ирандық күріш 70 гектарды құрады. Кейіннен оның көлемін 300 гектарға жеткіздім. Ал экспортына келетін болсақ, біздің міндет күрішті ақтап, оны сол елдің шекарасына дейін жеткізу. Былтыр 33 центнер өнім алдым.
Ақтөбеліктердің әлеуетін арттыруға мән берген кәсіпкердің ісінде береке, жұмысында жүйе бар. Ауылда ірі-ірі жобаларды бастап, халық игілігіне беріпті. Сондай нысанның бірі – күріш зауыты. Көлікті өндіріс ауласына тоқтатып, зауытпен таныстыра бастады.
– 2017 жылы 300 млн. теӊгеге Оӊтүстік Кореядан шыққан күріш өӊдеу зауытын әкелдім. Оныӊ 85 процентін «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржысыныӊ есебінен өтелді. Қазір тәулігіне 2000 тоннаға дейін күріш шығарып, эскпорттауға қуатты. Науқандық кезең аяқталғаннан кейін дала қызметкерлері осында ауысым бойынша жұмыс істейді. Яғни, жұмысшы топ қызметсіз қалмайды, – деді ол.
Бүгінде шаруашылықта 60-қа жуық техника, 150 қызметкер бар. Егіс басында жер жыртып, оны тегістеп жүрген жұмысшылар ауысым бойынша жұмыс жасайды. Яғни, күндізгі және түнгі ауысым бойынша жер жырту жұмысы тоқтамайды, 24 сағат техникалар үздік қызметте. Осыдан-ақ ауыл тұрғындарының еңбекқорлығын көруге болады.
Қазір Қармақшыда дала жұмыстары барынша қызған. Дала еңбеккерлері күріштікті жыртып, малалауда. Арықтарды тазалап, каналдарды реттеуде. Жалпы, серіктестіктің 4000 гектарға жуық жері бар. Негізінен күріштің «Лидер», «Янтарь» сортынан 70-75 центнерден өнім алып келеді. 2017 жылы күріштен өнім жинаудан үздік нәтиже көрсетіп, облыстың чемпионы атанды. Оған жерді тегістеу, суды мөлшерінде беру, заманауи техниканы қолданып, күрішті баптаудың озық технологияларын енгізу және т.б септігін тигізді. Осындай еселі еңбектің арқасында Нұрлан кәсіпкер 2016 жылы Президент Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталады. 2017 жылы Халықаралық бизнес-рейтингінің «Экономика мақтанышы» орденін кеудесіне тақты. Екі ұл мен бір қызды тәрбиелеп отырған азаматтың елге жасап жатқан еңбегі елеусіз қалған емес.
Нұрлан Іздібаев экономиканы әртараптандыруға, қуатты өндіріс орындарын қалыптастыруға мән берген іскер азамат, қабілетті кәсіпкер. Оны «Ақтөбе и К» ЖШС жүзеге асырып жатқан ауқымды әрі маңызды жұмыстарынан көруге болады. Мәселен, құс фабрикасын іске қосу биылға жоспарланды. Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы құрылысы бойынша инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
– Жалпы құны 2 млрд теңгеге жуық құс етін өндіруге арналған кәсіпорынның құрылысын биыл бітіріп, іске қосатын боламыз. Жылына мың жарым тонна өнім алатын фабрикаға алдағы уақытта 50-ге жуық жұмысшы қабылдаймыз. Ал құйылған қаржының 49 процентін «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ субсидиялауда. Құсқа қажетті жем-шөп: соя, бидай, арпа, жүгері дақылдарын өзімізде егіп, өндіреміз. Алдағы уақытта құрама жем зауытын салу жоспарда бар, – деді Нұрлан Тұрғанбекұлы.
Иә, кәсіпорын бірнеше ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтуға қауқарлы. Себебі, мекеме іске қосылса келешекте 200 мыңнан аса тауық баптауға мүмкіндігі мол. Кәсіпорынның іске қосылуы ауданда азық-түлік өндірісін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар жем қорын дайындауға, қажетті дақылдар егіп, көлемін арттыруға, сол арқылы егіс саласын әртараптандыруға ықпалын тигізеді. Мәселен, кешенді нысанның жұмысы үшін құс азығына күніне 20-22 тонна дақыл керек. Айына 600 тонна құс жемінің қажеттілігі туындайды. Негізгі бағыты – бройлер балапандарын өсіру және құс етін өндіру. Жобаның жалпы құны 1,14 млрд. теңгені құрайды екен. Серіктестік басшысы Нұрлан Іздібаевтың айтуынша, бройлерден неғұрлым сапалы ет алынады. Өнімнің орташа бағасы – 650 теңге. Сондай-ақ, 50 гектар жерге жемісін ағашын отырғызып, күтіп-баптауды қолға алмақ. Сосын мал шаруашылығының шаруасын ширату да келер жылдың еншісінде.
ЕГІННІҢ БІТІК БОЛУЫНЫҢ
СЫРЫ НЕДЕ?
– Аға, сіздің күрішіңіз бітік шығады дейді дала диқандары. Оның сыры неде?
– Мына атыздарды көріп тұрсың ғой, онда тыңда, – деді де кейіпкеріміз сөзін жалғады.
– Өнімді мол алатынымның құпиясы қарапайым. Мен әрбір атыздың төрт сағасына да дренажерлер қазып қоямын. Себебі, келесі атыздың немесе каналдан келетін судың ызасы өтпеуі керек. Егер ыза өтіп кететін болса аптап ыстықта атыздың жартысына дейін күрішті өлтіріп аламыз. Ал ыза су дренажерге жиналып арнайы қазылған орынға барып құйылып отырады. Екіншіден, мен жерді лазер арқылы тегістеймін. Бұл көп уақытты қажет етеді, төзімділікті талап етеді, себебі бір атызды тегістеу үшін бір күн уақыт кететін кездері болады. Алайда, оның тиімділігі сол, жер тегіс болып, су бір деңгейде жатады. Жалпы, дренажердің арқасында менің өнімім мол болуда, – деді.
Кезінде қараусыз қалған жерлер бүгінде қызыл жыңғылмен көмкерілген. Десе де, шаруашылық барлық жерді тазартып, жыл сайын егіс көлемін кеңейту үстінде. Жазуға жеңіл, айтуға оңай, дегенмен көзбен көріп қайтқан жан шынымен қандай еңбек атқарылып жатқанын сезеді. Кебір жерден 55-60 центнер өнім алған шаруашылықтың етіп жатқан еңбегі өте зор.
– Нұрлан Тұрғанбекұлы басшылық қызметке келгелі бар күш-жігерін осы шаруашылықтың өркендеуіне үлес қосып келеді. Мәселен, 2015 жылы облыста екінші орын алсақ, одан кейін үшінші, бірінші орын, жалпы үздік үштіктен түспей келеміз. Әрі, жыл сайын жаңа үлгідегі техникалар санын арттыру мақсатында көп қаражат жұмсаймыз. Жұмысшы саны да еселеніп келеді. Олардың айлықтары тұрақты, ең төмен жалақы 70 мыңнан жоғары. Тіпті, күріш орымы кезінде әрбір қызметкер жарты бағасына немесе үштен бірі бөлігі болатын қаржыға күріш пен жоңышқа сатып ала алады. Сыйақы да алады, бір сөзбен айтқанда, ауылда жұмыс көп, – деді директор орынбасары Қалдыбек Құлмырзаев.
Міне, Ақтөбе ауылына барған бір күндік сапарда тынымсыз тірлік, қалтықсыз қызмет, еселі еңбектің нағыз қайнаған қазанын көрдім. Үлгі болатын ауыл деп Сыр жұрты бекер айтпаған екен. Туған жерге деген шынайы махаббаты бар әрбір азамат Нұрлан Іздібаевтан үлгі алса деген мақсатта жаздық мақаланы...
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
Жаңақорған-Қармақшы-Жаңақорған.