№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҮЗДІКТЕР МАРАПАТ БИІГІНДЕ

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТ БИІГІНДЕ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен 2018 жылдың қорытындысымен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңес өтті. Онда шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қосқан ауылдық округтің әкімдері мен инновациялық жобаларды іске асырған кәсіпкерлерге құрмет көрсетілді.

Жиынға облыс кәсіпкерлері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, екінші деңгейдегі өңірлік банктер мен қаржылық даму институттарының басшылары, сондай-ақ өңірлік кәсіп­керлер палатасының өкілдері қатысты.
Шағын және орта бизнес – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Кәсіпкерлік саласы жаңа жұмыс орындарының құрып, нарыққа қажетті тауарларды өндіріп, салықтың базасын ұлғайтады. Бұл – өз кезегінде, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
– 2018 жылы жалпы бюджеті 32 млрд. теңге болатын арнайы «Жол картасын» әзірледік! Бұл қаражаттың 3 млрд. теңгеден астам бөлігін «Стартап» жобаларына бағыттадық. Ал биылғы жылы әртүрлі қаржы көздерінен 34 млрд. теңге қарастырдық. Сонымен бірге, қайтарымсыз гранттар, шағын несиелер мен несиелерді алудың қадамдық іс-әрекеттерін, типтік бизнес жоспарларды әзірлеп, жобаларды сүйемелдеу үшін әрбір ауылдық округке облыстық деңгейден жауапты лауазымды тұлғаларды бекіттік, – деді Қырымбек Елеуұлы.
Аймақ басшысы кеңеске қатысқан екінші деңгейдегі өңірлік банктер мен қаржы институттарының басшыларына кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары бойынша жастардың бизнес жобаларына, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіпті одан әрі дамытуға басымдық беруге назар аудартты.
Айта кететіні, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» аясында кәсіпкерлерді ынталандыратын кешенді жүйе құрылды. Мәселен, ісін бастаған кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Кәсіпкерлер үйі ашылды. Онда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС, Кәсіпкерлерге қыз­мет көрсету орталығы, «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» ЖШС, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейлі бірқатар банк филиалдары және өзге де мекемелер орналасқан. Сондай-ақ, аймақтың кәсіпкерлері үшін электрондық қызмет түрлерін тегін алуға болатын онлайн-кабинет жұмыс істейді.
Осындай қолдау шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы Қазақстан бойынша көш басына шықты. Ал, Жаңақорған ауданы республикада кәсіпкерлікті дамыту рейтингісінде 3,95 балмен 2 орыннан көрінді. Шиелі ауданы (3,81) үшінші, Сырдария ауданы (3,79) төртінші, Қызылорда қаласы (3,76) бесінші, Арал ауданы (3,62) жетінші сатыға тұрақтады. Республикалық деңгейдегі рейтингте бір облыстың төрт ауданы кездесетіні сирек құбылыс...
Кеңес қорытындысы бойынша кәсіп­керлік саласын дамытуға үлес қосқандар дәріптелді. Атап айтқанда, Жайылма ауылдық округінің әкімі Талғат Зейдалиев «Үздік ауыл әкімі» номинациясымен марапатталды. Ал, «Кәусар» сусынын өндіруші Сейдмұхаммед Әбжаппаров 1 млн. теңге сыйақы алды.

Қос жаңақорғандықтың марапат биігінен көрінуі кездейсоқтық емес.
Бүгінде Жайылма ауылдық округі дамудың даңғыл жолына түсті. Әсіресе, кәсіпкерлік саласында серпін байқалады. Мәселен, жайылмалық белсенділер мал басын көбейту мен өсіру және құс шаруашылығын дамытуға «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС 10 млн. несие алды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 11 кәсіпкер «Егін-жай» бағдар­ламасымен 18 млн. теңге, үш шаруа қожалық «Сыбаға» бағдарла­масы бойынша 22 млн. теңгемен несиеленді. Жас прожект жобосы бойынша үш азамат 3 млн. тенге грант алды.
– Облыс басшысы Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен қабыл­данған бағдарламалар бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызды. Мұндай мүмкіндікті іскер басшы Ғалым Әміреев сапалы жүзеге асырып, елді мекендердің әлеуеті артуына жағдай жасауда. Алдағы уақытта инвестор тартып, қарбыз шаруашылығы кластерін дамытуға мән бермекпіз, – деді Талғат Бимағанбетұлы.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өткен грант­тық негіздегі конкурсқа кей­дендік Сейдмұхаммед Әбжаппаров инновациялық жоба ұсынады. Жүгері сусынын шығаруға бағытталған жаңа­шыл жобаға 3 млн. теңге қайтарымсыз қаржы алады. Нәтижесінде, «Кәусар» жүгері сусынын шығаратын шағын цехты іске қосады. Бүгінде А, В, С, Е дәрумені, калий, магний, қант, түрлі пайдалы заттарды жинаған сусынға нарықта сұраныс артқан. Енді ауданның бредіне айналған өнімді аздап қолдау маңызды. Кәсібін одан ары дамытып, кеңейтуін қолдау мақсатында өңір басшысы сыйақы берді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
12 ақпан 2019 ж. 1 001 0