№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «АҚМЕШІТ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»: ЖОБА ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

«АҚМЕШІТ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»: ЖОБА ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

  Қызылорда облысында рұқсат етілген аумақтан артық көлемде кабинет жасақтап алған мектеп директорлары енді білім ордасының шағын бөлмелерін пайдаланатын болады. Бүгінгі таңға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Адалдық алаңы» жобасы аясында Сыр өңіріндегі 335 білім беру ұйымына арнайы тексеру шарасын жүргізген. Ендігі кезекте белгіленген нормадан асып кеткен директорлар өздерінің кабинеттерін ІТ-технология, үйірме сыныптарына босатып беретін болады. Әрі өздері төменгі қабаттан кабинет жасақтайды. Бұл туралы әкімдікте өткен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты семинарда белгілі болды.


  Облыстық ішкі саясат басқар­масы­ның әлеуметтік тапсырысы аясында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қо­­ғам­­дық қоры ұйытқы болған алқалы басқосуға Қордың дирек­торы Жандос Тұсмағамбетов моде­раторлық етті.
– Елбасы Жолдауында айтылған «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын жүзеге асыру бағытында елорданың тәжірибесі негізінде Қызылордада «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Жобалық кеңсе сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, оған қарсы төзбеушілікті қалып­тастыру бойынша жұмыс жасай­ды. Республика бойынша сыбай­лас жемқорлық фактілері жиі кездесетін білім, денсаулық, сәу­лет, қала құрылысы және жер қатынастары, халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік кірістер, сот және құқық қорғау органдары қызметтеріне талдау жұмыстарын жүргізеді, – дейді Жандос Бектайұлы.
Сондай-ақ Қоғамдық қор дирек­торы 2018 жылы «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында 450 млн.теңге қаржы үнемделгенін жеткізді.
Мұнан кейін мінберге шыққан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Әлішер Амангелдиев мемлекеттік қызметкерлер сыбай­лас жемқорлыққа жол берген жағдайда қандай жауапкершілікке тартылатынын тарқата айтты.
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңы­на сәйкес мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген қызмет­керлерге қызмет бабында өздеріне сыйлықтарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдауына тыйым салынады. Мемлекеттік қызметші 2 айлық есептік көрсеткішке дейін заңсыз сыйақы алған жағдайда 600А АЕК айыппұл салынса, заңсыз сыйлықты берген азамат 200 АЕК айыппұл арқалайды. Егер сыйлық көлемі 2 АЕК артық болса, онда ол пара ретінде бағаланады және оны алған тұлға да берген тұлға да қылмыстық жауаптылыққа тар­тылады. Негізі мемлекеттік қыз­метшіге келген сыйлықтар жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жатады, – деді Әлішер Амангелдиев.
Сонымен қатар, ол 2017 жылы 3 мемлекеттік қызметкер 14 сыйлық өткізсе, 2018 жылы 8 мемлекеттік қызметкер 22 сыйлықты арнайы мемлекеттік қорға өткізгені белгілі болды.
Одан әрі аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Ерзақ Жақсыбеков аудандағы орын алған сыбайлас жемқорлық жайлы ахуалды баяндады. Полицейдің айтуынша, өткен жылы сыбайлас жемқорлықтың 16 дерегі тіркелген.
Ал, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жұмысшы тобының мүшесі Гүлназ Уалиқызы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында №083, №086 медициналық анықта­маларына мониторингтік талдау жүргізілгенін тілге тиек етті. Тексеру нәтижесінде 60-қа жуық шынайылығы күмән келтіретін деректі анықтаған. Оған қоса, «Жасырын сатып алушы» әдісімен жалған санитарлық кітапшаны әзірлеу дерегін айғақтаған. Сондық­танда бұл бағытта автоматтандыру жұмысын жолға қойып, №083, 086 медициналық анықтамаларын QR-кодпен берілуде екен. «Дамумед» мобильді қосымшасы арқылы медициналық анықтамаларды ска­нерден өткізіп, шынайы не жалған екенін анықтауға болатынын жет­кізді.
Семинарды түйіндеген модера­тор Жандос Тұсмағамбетов алда­ғы уақытта Жаңақорғаннан да «Ақмешіт – адалдық алаңы» жоба­лық кеңсесін ашу жөнінде жұмыс жасалатынын тілге тиек етті. Сосын кезең-кезеңімен әуелі білім, кейін полиция бөліміне мониторингтік талдау жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.



03 сәуір 2019 ж. 1 203 0