Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН!»

«БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН!»


   С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Белсенді азаматтық қоғам - сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан!" тақырыбында акция өткізілді.
Акцияның басты мақсаты - сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидаты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
        Акцияға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақcатында халық арасында пара алу мен пара беру, делдал болудың зардабы мен оның жауапкершілігі туралы түсіндіріп, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Сондай-ақ, қоғамдық бақылау картасы жобасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық баяндама туралы баяндалып өтті.   
        Акцияға сыбайлас жемқорлыққа қарсы театрландырылған қойылымдар қойылып, флешмобтар ұйымдастырды.
        Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықты алдын алуға өз үлестерін қосқан колледждер арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталып, акция концерттік бағдарламаға ұласты.
        Акция барысында 700-ден астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы флаерлер таратылды.
18 мамыр 2018 ж. 1 588 0