№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ


Жақында әкімдікте өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында 2017 жылы орын алған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс бойынша және осындай қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында мекемеде атқарылып жатқан жұмыстар туралы талқыланды.
Жиынға төрағалық еткен аудан әкімі Ғалым Әміреев өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа жол берген мекемелердің бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы қандай жұмыс атқарып жатқанын сұрады. Алдымен аудандық ішкі істер бөлімі, жергілікті полиция қызметінің бастығы Ербол Әлімбеков есеп беріп, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Елбасы биылғы Жолдауында 10 басым бағытқа назар аударып, оның тоғызыншы бағытында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» жайында тоқталған болатын. Осыған байланысты ҚР ІІМ-нің келіп жатқан нұсқаулықтарында Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық көріністерін ескертуге бағытталған шаралар қабылданып жатқанына қарамастан, аталған құбылыс әлі де болса толастамай тұрғандығы, осыған сәйкес жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстарды болдырмау, алдын алу жайлы көптеп айтылуда, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы.
Оның сөзінше, 2017 жылы сыбайлас жемқорлық сипаттағы бір қылмыс орын алған. Атап айтқанда, өткен жылдың қаңтар айында Жаңақорған ауданының тұрғыны А.Сұлтанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына арызданып, онда Жаңақорған АІІб-нің ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ғалымжан Әлімбетов кенттегі «Инбет» құмар ойын орталығына қамқорлық жасау мақсатында 20 мың теңге талап еткенін көрсеткен. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне еніп, нәтижесінде Ғ.Әлімбетовтың кінәсі мойндалып, 1 млн. 200 мың теңге айыппұл салынып, жұмыстан босатылған. Бүгінде ішкі істер қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заң қайта түсіндіріліп, жемқорлыққа қарсы бағытта жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Одан әрі, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жеңіс Талас сөз алып, сыбайлас жемқорлықпен күресу елдегі күрделі мәселе екеніне тоқталып, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-қимылдарға тоқталды.
– Мемлекеттік кірістер басқармасында бүгінге дейін ҚР Мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп» кодексі талаптарын сақтау жөнінде 12 техникалық оқу өтіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбына бағытталған 20 рет семинар-кеңес өтті. Ақпараттық басылым бетіне мақалалар беріліп, жалпы, 40 іс-шара өткізілді. Дегенмен, өткен жылы Мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Ж.Назаровтың жеке кәсіпкерден салық төлеуші ретінде тіркеу үшін 20 мың теңге пара алуына байланысты ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық қозғалып, сот шешімі шықты, – деді басқарма басшысы.
Жеңіс Таластың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға сәйкес мекемеде бейне бақылаулар толықтай жұмыс істеуде. Салық төлемдерінің мамандармен тікелей қарым-қатынасын азайту мақсатында барлық тұлғаларға электронды кілт алу мәселесі түсіндіріліп, шешілуде. Яғни, тұрғындар салық туралы мәліметті egov.kz порталы арқылы алатын болады.
Сондай-ақ, ауданның әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Жаннұр Дүйсенбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аталған комиссияның 2017 жылғы хаттамалық шешімдерінің орындалу барысына мониторнинг жүргізді.
Соңында аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы сыбайлас жемқорлық оқиғалары орын алған мекемелердің жұмысын одан әрі нығайта түсуіне тапсырма беріп, олардың қатаң бақылауда тұратынын ескертті.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МІНДЕТ

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты кездесу өтті.
Аудан тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары, білім, мәдениет қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысқан кездесуде сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің өркендеуіне кедергі болатын, қауіпті құбылыс екені түсіндірілді.
Кездесуге ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Нұғман Жакудаев, Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі Қайырбай Сарбайсалов пен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры директорының орынбасары Жанар Алтынбасова арнайы қатысып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша хабарлама жасап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
03 сәуір 2018 ж. 1 321 0