№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс алаңдарына түгендеу жүргізілді

Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс алаңдарына түгендеу жүргізілді

Қызылорда облысындағы мемлекеттік органдар орналасқан алаңдар 13799 шаршы метрге белгіленген нормадан асып кеткен.

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне өткізілген баспасөз брифингінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев мәлімдеді.
Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев«Облыстық қаржы басқармасы және облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп аймақтағы 403 мемлекеттік органның орналасқан алаңдарына түгендеу жұмыстарын жүргіздік. Бұл мақсатта облыстық, қалалық, аудандық арнайы жұмысшы топтар құрылды. Түгендеу жұмыстарының нәтижесімен аймақтағы мемлекеттік органдарда 13799 шаршы метр алаңның белгіленген нормадан асып кеткендігі анықталды. Нақты айтқанда, орталық мемлекеттік органдардың облыстағы құрылымдық бөлімшелерінде 2766 шаршы метр алаң артық болса, жергілікті атқарушы органдарда 11033 шаршы метрге нормалардың сақтамалмауы белгілі болды» - дейді.
Түгендеу барысында кабинет алаңдарының бекітілген нормативтен асып кеткендігі белгілі болған. Атап айтқанда: мемлекеттік орган басшылары кабинеттері – 2592 шаршы метрге, басшылардың қабылдау бөлмелері – 915 шаршы метрге, орынбасарлардың кабинеттері– 1099 шаршы метрге, қызметкерлердің кабинеттері – 3660 шаршы метрге,ортақ қолданыстағы бөлмелердің алаңдары – 5260 шаршы метрге асып кеткен.
Анықталған артық алаңдарды басқа мекемелердің пайдалануына беру немесе жеке және заңды тұлғаларға жалға беру мүмкіндігімен оңтайландырылу жоспарланған.
Артық және бос тұрған алаңдарды жалға беру беру арқылы, бюджетке шамамен 10830000 теңге кіріс түсіру көзделуде.
20 ақпан 2019 ж. 614 0