№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КЕНІШТІҢ бәсекеге қабілеттілігі арттырылады

КЕНІШТІҢ бәсекеге қабілеттілігі арттырылады


Сыр өңіріндегі үлкен өндірістік-инновациялық жобасының бірі – қорғасын, мырыш өндіретін Шалқия кенішін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы және Еуропа қайта құру және даму банкінің қаржылай қолдауының арқасында кен байыту фабрикасы салынып, алыс-жақын шет елдерге өнімі экспортталмақ. Жалпы, өндіріс орны іске қосылғанда облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына, жұмыссыздық деңгейі қысқаруына жағдай жасайды. Сондықтан, Шалқияның мәселесі облыс әкімінің назарынан түскен емес. Үкімет те жобаның маңыздылығын түсініп, алаңдаушылық білдіруде.
Жақында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы басқармасы төрағасы Ахметжан Есімов пен облыс әкімі Қырымбек Көшарбаев Шалқия кенішіне арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Алдымен басшылар шахтаға түсті. Бірінші жер астында жұмыс жасайтын ауыр техникаларды жөндейтін орталықта болды. Одан кейін жерді бұрғылайтын 115 горизонтқа барды. Мамандардың сөзінше, бұл пункт жер бетінен 4000 метрде орналасқан. Онда тау-кен жұмыстары жүргізілуде. Яғни, бұрғыланады, сосын оқталып атылып (зверчаткамен жарып), шикізатты (тастарды) тиісті пунктерге жеткізіледі екен.
Басшылар Шахтадан шыққаннан кейін шағын құрамда кеңес өткізді. Оған облыс және аудан әкімдігінің басшылары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ және «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ басшылық құрамы қатысты.
Ұлттық тау-кен компаниясының басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетов кенішті модернизациялау жұмыстарына жауапты басшылармен таныстырды. Ал, «Шалқия Цинк» компаниясының басқарма төрағасы Талғат Сұлтанбеков кеніштің перспективасы жайында тоқталды.
– «AMC Consultants (UK) Ltd.» компаниясы «Шалқия» кен орнындағы өнеркәсіптік қоры – 4,8 млн. тонна мырыш, 1,3 млн. тонна қорғасын екенін дәлелдеді. Жалпы, әлемдік нарықта мырыш пен қорғасынға сұраныс жоғары әрі бағасы да тұрақты. Мәселен, Лондон қор биржасында (LME ) қорғасын 2638, мырыш 3617 теңгені құрайды.
Елбасының «Индустриялық-инновациялық бағдарламасы» аясында жоспарлы жұмыс қарқын алды. Жалпы «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішінде қуаттылығы жылына 4 млн. тонналық кен-байыту комбинаты «Қызылорда облысында тау-кен металлургия кенішін дамытудың жол картасына» енген үш ірі жобаның бірі. Жоспарға сəйкес, 2018 жылы кен байыту комбинатының құрылысының мердігері анықталып, сәуір-мамыр айында құрылысы бас­талады. Бүгінде жері тегістеліп, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазір кеніште еңбек етіп жатқан 681 жұмысшының 70 пайызы Жаңақорған ауданының тұрғындары. Яғни, Құттықожа, Шалқия, Жаңақорған кентінің азаматтары.
Бүгінде кенішке қажетті суды жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Сәуір-мамыр айларында кен байыту фабрикасының құрылысы мен кенішті қайта құру жұмыстары басталады, – деді Талғат Сұлтанбеков.
Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Смағұлұлы кенішті қайта құру мен кен байыту фабрикасына қомақты қаржы жұмсалып жатқандығын, сондықтан мамандардың кәсібилігі мен біліміне баса көңіл аудару қажеттілігін ескертті. Яғни, мониторинг жасау артықтық етпейді. Сондай-ақ, компанияның жұмысын алға сүйрейтін стратегтерді тартып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру керектігін сөз етті.
Облыс басшысы Қырымбек Елеуұлы Жаңақорған кентінің жер астындағы ауыз суды алуға уақытша рұқсат бергенін, келешекте дариядан су тартуға көңіл бөлу қажеттілігін айтты. Ал, кенішке баратын жолдың уақытылы бітетініне сөз берді.

Айнұр АНАРБЕК.
20 ақпан 2018 ж. 1 512 0