№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мақсаты айқын міндеттер

Мақсаты айқын міндеттер


Кеше Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы басым бағыттарды жергілікті тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында облыс әкімдігінде идеологиялық актив жиыны өтті. Оған мәслихат депутаттары, облыстағы зиялы қауым мен қоғамдық ұйым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Актив жиынына модераторлық еткен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Президент Жолдауынан туындайтын міндеттер мен оларды жүзеге асыру барысы туралы сөз сөйледі.
– Адамзат ақыл-ойының нәтижесінде көмір мен будың күшімен жүзеге асқан отарбадан сандық технология заманына жетіп, өнеркәсіптік революцияның төртінші кезеңіне аяқ бастық. Алғашқы машина мен бүгінгі автоматтандыру, кибер-физикалық жүйе әлемнің ауанын мүлдем басқаша өрбітті. Үшінші өнеркәсіптік революция жайлы Джереми Рифкиндтің еңбегінде горизонталь әсерлесудің энергетиканы, экономиканы және бүкіл әлемді өзгертетіні сипатталған.
Біз қазір сандық, физикалық және биологиялық құрылым мүмкіндіктерін біріктіретін төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде біз осы армандардың бәрін жүзеге асыруымыз керек. Төртінші өнеркәсіптік революция дүниенің мазмұнын өзгертпейді, санамызды өзгертеді, өмір сүру сапасын өзгертеді – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімі бүгінгі қоғам ғарыштық жылдамдықпен дамып келе жатқанын, замана үдерісіне сай қырағылық пен шапшаңдықты және жедел бейімделу керектігін айрықша атап өтті. Оған қоса, Жолдаудың 10 міндеті – ел дамуының жаңа тынысы екендігі айта келе, Сыр өңіріндегі индустрияландыру саласындағы серпінді жұмыстардың серпілісін сөз етті.
– Индустрияландыру бағдарламасы аясында өңірде жаңа технология енгізген кәсіпорындар ашылып, жаңа өнім түрлері көбеюде. Уран өндіретін кәсіпорындар қазірдің өзінде цифрлық технологияны енгізуді бастады. «КазАтомӨнеркәсіп» АҚ қарасты «Ру-6» серіктестігінде өндіруді басқаратын ақпараттық жүйе қолданыста болса, «Қызылқұм»,
«Байкен-U» серіктестіктеріне қарасты кеніштерде геотехнологиялық полигонды автоматтандыру жүйесі енгізілген. Ал, «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішін игеру жобасында, шыны зауытында да осындай технологиялар қолданылатын болады – деді Қырымбек Көшербаев.
Жауапты орынбасарлары мен аудан әкімдеріне жұмыс жасап тұрған индустриялық аймақтарға биылғы жылы жаңа жобаларды орналастыруды және биылға кемінде 5 жобаның іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Және де өнеркәсіп пен жер қойнауын пайдаланушылардың өндірістік процестерінде цифрлық технологияны енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқаруды және қолдану бойынша мониторинг жүргізуді жүктеді.
Облыс әкімі актив соңында, ақпарат ағымының жылдам тарап, жалған ақпараттың көбейіп тұрған кезінде Елбасы Жолдауында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін халыққа дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізу аса маңызды екенін жеткізді.
– Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен жүргізілген жұмыстардың түпкі нәтижесі әрбір қызылордалыққа Жолдауда айтылған міндеттердің іске асырылатынын сезіндіруі қажет.
Бүгінгі актив жиынының басты мақсаты - Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың негізгі мәселелерін қоғам өкілдерімен бірге талдап, айтылған ұсыныс-пікірлерді ортақ оймен қорытындылау, оны халыққа түсінікті тілмен жеткізу. Мақсатымыз – жаңа шындық жағдайында мықты және жауапты адамдардан тұратын біртұтас ұлт болу – деп түйіндеді Қырымбек Елеуұлы.
Мұнан кейін мінберге көтерілген облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, ғалым Александр Подольских, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітова, «Orda Glass Ltd» ЖШС басқарма төрағасы Ержан Сағымбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Сәбит Ибадулла Елбасы Жолдауынан туындаған басым бағыттар жөнінде бәтуәлі баяндама жасады.
Идеологиялық активті қорытындылаған аймақ басшысы биылғы Жолдау – Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндігіне көшу арқылы жаһандық технологиялық бәсекелестікке ұмтылуға негізделгенін жеткізді.
Тақырыпқа тұздық. Облыстық идеологиялық жиынға қатысқан аудан делегаттарының пікірін білдік. Әуелі аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Әйтбембет, Жолдауда қоғамның барлық салаларын цифрландыру, заманауи технологияларды ендіру жайында кеңінен қамтылғанын айта келе, облыс әкімінің тапсырмасына сай бұл бағыттағы жұмыстар Жаңақорған ауданында да кеңінен насихатталатынын тілге тиек етті. Ал, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев құнды құжаттағы 10 міндетті басшылыққа ала отырып, болашаққа байыпты бастамамен нақты қадам жасау – бұл біздің биік белестерді бағындырудың төте жолы екендігін атады.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
23 қаңтар 2018 ж. 1 787 0