№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІРЛЕСЕ ДАМУДЫҢ бірегей жолы

БІРЛЕСЕ ДАМУДЫҢ бірегей жолы


Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев бастаған аймақ делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапармен барып, Бейжің, Шанхай және Шэньчжень қалаларындағы бірқатар ірі компаниялардың жұмысымен танысты. Бағдарлама аясында ірі инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесіп, әріптестік жөнінде келіссөз жүргізді.
Алдымен Қызылорда облысының әкімі көмір, күн және су электр станцияларының құрылысымен айналысатын «CNEEC» («Қытай ұлттық электр инжиниринг корпорациясы») басшылығымен кездесті.
Кездесу барысында Қызылордада су және күн электр станцияларын, қоқысты қайта өңдейтін зауыт салу, сондай-ақ, «ақылды қала» жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
«Біздің аймақ күн сәулесінің белсенділігі бойынша көшбасшы болып саналады, әсіресе, жаз мезгілінде үлкен қуаттылықтағы күн электр станциясын салу мүмкіндігі бар. Сырдария өзенінде қуаттылығы 20-25 мегаватт гидроэлектр станциясын салуға болатын «Ақлақ» гидротехникалық құрылғысы бар. Келесі жоба облыс орталығына байланысты. Мұнда бізге жылдық қуаттылығы 150-160 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарататын зауыт қажет. Осы жоба бізге бірден екі мәселені, яғни, қалдықтарды өңдеп қана қоймай, біршама электр қуатын өндіруді шешіп беруі қажет, – деді Қырымбек Көшербаев.
Кездесу қорытындысы бойынша CNEЕC жұмыс тобы құрылды. Топ өкілдері жобаларды мейлінше жылдам жүзеге асыру мақсатында таяуда Қызылорда облысына келмек.
Өз кезегінде, CNEЕC компаниясының басшысы Чжэн Чэнцзюн «кездесу табысты болды, қызметіміз арқылы Қазақстан мен Қытайдың әріптестік қарым-қатынасын әрі қарай нығайту біз үшін үлкен мәртебе» деп атап өтті.
Сондай-ақ, аймақ басшысы әлемдегі ең ірі шыны өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бірі – «China Triumph International Engineering Co., Ltd» басшыларымен кездесті. Облыс әкімі және «Чайна Триумф» компаниясының басшысы шыны зауыты жобасының, әсіресе, оның екінші кезеңі – гаджеттерге арналған аса жұқа әйнектерді шығару мәселелерін талқылады. Естеріңізге сала кетейік, компания Қызылорда қаласында шыны зауытын салу жобасын жүзеге асыруда. Зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары сәуір айының басында аяқталады. Ал, маусым айының аяғында тұрақты өндіріске қосылмақ.
«Келіссөз нәтижелі болды. Қазір біз Қызылорда облысында әлемдегі ең озық үлгідегі шыны зауытын салып жатырмыз. Бүгінгі кездесуде жаңа энергия, жаңа үлгідегі үй құрылысын жүргізуде әріптестікті нығайту мәселелерін талқыладық. Осы жылдар ішінде Қазақстан Үкіметі бізді ұдайы қолдап келеді. Сондықтан, әріптестікті одан әрі нығайтуға деген сеніміміз арта түсті», – деп компания президенті Пэн Шу мәлімдеді.
Одан бөлек, Қырымбек Елеуұлы Шиелі ауданында тампонаждық цемент зауытын салып жатқан «Гежуба Групп Цемент КО ЛТД» («China Gezhouba Group Cement Co., Ltd») компаниясының басшысы Ли Мин мырзамен кездесті. Зауыт құрылысы ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Ли Мин «Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан жоба заманауи әрі барлық экологиялық талаптарға сай» деп атап өтті. Сондай-ақ, инвестор құрылыс цементін шығаратын зауыт салуға ниет білдірді.
Өңір басшысы құрамында 102 кәсіпорын бар «China Poly Group Corporation» мемлекеттік инженерлік-технологиялық бизнес-тобының жұмысымен де танысты.
Бейжің қаласында жобалаушы компаниялардың қызметін таныстыратын таныстырылым ұйымдастырылды.
Сапар аясында Шеньчжень қаласында әлемдік инфокоммуникациялық шешімдерді жеткізуде жетекші «Huawei Technologies Co., LTD» компаниясымен меморандумға қол қойылды. Меморандум тараптардың өзара іс-қимылы мен мақсаттарына, әсіресе, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту, «Сандық Қызылорда» бағдарламасы, атап айтқанда, «smart city» – «ақылды қала» жобасын жүзеге асыруға қол жеткізуіне негіз болмақ.
Одан бөлек, Шанхайда құқық қорғау органдары мен әкімдік өкілдері «Safe city» («Қауіпсіз қала») жобасымен танысты.
Облыс басшысы Қытайдағы келіссөз барысында жоғары технологиялық әрі экспортқа бағытталған жоба бойынша 6 нақты келісімге келді. Яғни, Сыр өңірінің экономикалық әлеуетін арттыратын жобаларды қытайлық компаниялар бірлесе жүзеге асырылады.
– Гаджеттерге арналған аса жұқа әйнектерді шығару бойынша шыны зауыты өндірісінің екінші кезеңін салу. Елбасының Жолдауында цифрландыруға ерекше назар аударылды, сондықтан, осы өнімді шығару өзекті мәселе болып табылады. Жақын арада біз қытайлық әріптестермен нақты келісімге қол қоямыз. Одан бөлек, біз «smart city» жобаларын жүзеге асыру саласында негізгі кәсіпорындардың бірі «Huawei» компаниясымен меморандумға қол қойдық. Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала құрылысын салуды мақұлдады, бұл жоба «ақылды қала» ретінде жүзеге аспақ. Осы орайда, Қызылорда мен Шеньчжень қалаларының әріптестігі біз үшін өте маңызды. Оған қоса, осы бағыттардың барлығы жаңа Жолдауда көрсетілген, сондықтан, біздің жұмыс сапарымыз – Жолдауды жүзеге асыру бойынша нақты шаралар деп білемін», – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Дайындаған Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА.
03 ақпан 2018 ж. 1 152 0