№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ШАЛҚИЯНЫҢ шаруасы ширай түсті

ШАЛҚИЯНЫҢ шаруасы ширай түсті


Жиында алғы сөз алған кент әкімі Молдахмет Ауанов «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ бірлесе атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, бірқатар мәселені алға тарты.
– Кенттегі көп қабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, лас су жүйесі мен КНС ғимаратының толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Жаңақорған-Құттықожа асфальт жолынан жанынан ауыр жүк көліктеріне арналған жол жасауға «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ қамқорлық танытса, – деді әкім.
Одан кейін кен байыту фабрикасы мен кеніш алаңында жалғаспалы инфрақұрылымдар нысандарын соғумен қатар кеніштің өндірістік қуаттылығын арттыру жобасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстармен басқарма төрағасының орынбасары Нажмаддин Мұсабаев таныстырды.
– Қоғам Еуропалық қайта құру және даму банкісімен кредиттік келісім шартқа отырды. Жалпы, ақпан айынан бастап кен байыту фабрикасының құрылысы басталады деп жобалап отырмыз. Бүгінде Еуропалық банкпен бірігіп кен байыту фабрикасын жобалайтын, салатын мердігерлер анықталуда. Фабрика құрылысымен қатар кенішті қайта құру жұмыстары қолға алынады.
Кен байыту фабрикасының құрылысы екі кезеңнен тұрады. Фабриканың жобалық қуаттылығы жылына 4 млн. тонна кен байытылады. Мұндай қуаттылыққа 2020 жылы жетеміз деп жоспарлап отырмыз, – деді Нәжмаддин Түркпенұлы.
Жобаны жүзеге асыру барысында табиғатты қорғау заңдылықтарының сақталуы бойынша инженер-эколог Акмарал Төлтаева, жобаға қызметкерлерді іріктеу және жалдау бойынша Каламқас Данабекова баяндады.
Кездесу соңы тұрғындардың сұрағымен жалғасты. 2017 жылдың маусым-қараша айының аралығында Шалқиядан – 76, Құттықожадан – 10, Жаңақорған ауданынан – 66 адам жұмысқа қабылданыпты. Бүгінде акционерлік қоғамда 705 адам жұмыс жасаса, оның 204 Шалқиядан, 35 Құттықожадан, 117 Жаңақорғаннан екен.

Айнұр АНАРБЕКОВА.
04 қаңтар 2018 ж. 1 821 0

Ұқсас жаңалықтар: