Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 2017 ЖЫЛЫ 9000 САЙТ БҰҒАТТАЛҒАН

2017 ЖЫЛЫ 9000 САЙТ БҰҒАТТАЛҒАН



2017 жылы елімізде терроризмді насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылған. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Абаев 2017 жылдың 28 желтоқсанында Елбасының ақпарат саласындағы заң жобасына қол қойғанын айтты.
«Бұл заң азаматтарымыздың құқығын қорғау механизмдерін күшейтіп, БАҚ саласына, байланыс операторларының жұмысына қатысты талаптарды оңтайландырады», - деді ол.
Сонымен қатар, министр еліміздің ақпарат кеңістігінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Өткен жылы терроризм мен діни экстремизмді, суицид, зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылды. Әлеуметтік желілерде осы сарындағы 230 мың материал жойылды», - деді Дәурен Абаев.
16 ақпан 2018 ж. 1 235 0