№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 4123 АДАМ КӘСІП АШҚАН

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 4123 АДАМ КӘСІП АШҚАН


Өткен жылы «Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жүзеге асырылды. Нәтижесінде 500 мың азамат жұмысқа орналасып, 4 123 адам өз кәсібін ашты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2017 жылы «Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» өз жұмысын бастады. Бағдарламаны жүзеге асыруға 85,3 млрд теңге қарастырылды. Нәтижесінде 500 мың адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 300 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азамат тұрақты жұмысқа орналасыпты.
«Аталған бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 21 мың жас азамат тегін кәсіптік білім алды. Қысқа уақыт аралығында кәсіптік білім беретін ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша 72 мың адам оқыды. Оқуын тәмамдаған 40 мың тұрғын немесе оның 60 пайызын жұмысқа тұрғыздық», - деді Мәдина Әбілқасымова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Сонымен қатар, министр аталған бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша қазақстандықтарға 2017 жылы 7217 шағын несие берілгенін атап өтті. Бөлінген қаржының 57 пайызы стартап жобаларды қаржыландыруға жұмсалған.
«Нәтижесінде 4 123 адам өз кәсібін ашты. Несиенің қолжетімділігін арттыру мақсатында кепілдік жүйесі іске қосылды. Яғни 85 пайыз өз кәсібін жаңа бастағандар үшін, 50 пайыз жеке кәсібі бар азаматтар үшін. Өткен жылы аталған бағдарламаға қатысқан 420 азамат несиеге кепілдік алып үлгерді», - деп түйіндеді сөзін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
16 ақпан 2018 ж. 1 320 1

Гость Jeahulalf от 21 ақпан 2019 03:02
Interactions Amoxicillin Betaseron Propecia 5 Mg Generic Dividere Levitra order cialis online Zithromax And Tylenol Cold