№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ӨЗГЕНТТІҢ ӨРІСІ КЕҢ

ӨЗГЕНТТІҢ ӨРІСІ КЕҢ


Өзгенттегі өзекті мәеленің бірі – ауыз судың тапшылығы. Биылғы жылы есепті кездесуде ауыл әкімі Ж.Мырзабаевтың хабарамасынан «Талап» топтық су құбыры желісі тартылғаны белгілі болды. Бұлда болса, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың бірі. Сондай-ақ өрісі кең Өзгентте кәсіпкерлік саласының көкжиегі кеңеюде екен. Ауыл әкімінің есепті баяндамасынан белгілі болғандай,
2017 жылдың наурыз айынан бастап жаңадан 24 жеке кәсіпкерлік субектісі тіркелген.
Оның ішінде, 1 кооператив, бал арасын өсіру, балық шаруашылығы және 19 мал шаруашылығы бағыты бойынша айналысуда екен. Ал, «Биқадир» шаруа қожалығы атынан бір жас кәсіпкер «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы МІҚ яғни мал шаруашылығын дамытуға 10,0 млн. теңге несие алса, шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер «Жұмыспен қамту – 2020», «Сыбаға» және сүтті МІҚ мал басын көбейту бағдарламалары аясында 43,4 млн. теңге жеңілдетілген несие алған.
Аудан әкімі мен жергіліктік полиция қызметі басшысының есебенін кейін тұрғындар шешімін таппай жүрген сауалдарын жолдады. Ең бірінші кезекте, медпункт салу мәселесін көтерген ауыл тұрғынына ауданның бас дәрігері Сәулебек Ысқақов мелекеттік жекеменшік әріптестік аясында кезең-кезеңімен ауылдық округтерде бұл мәселе өз шешімін тауып келе жатқанын тілге тиек етті. Және де диқаншы қауым Мұсаханов каналына көпір салынса, 7 шақырымдық жол 500 метрге қысқарар еді деген ел тілегін жеткізді. Одан өзге электр бағанының тозығы жеткенін тағы көтерді. Бұл мәселеге аудан әкімі арнайы назарына алатынын жеткізді.
19 қаңтар 2018 ж. 1 433 0