БІРЛІГІ БЕКЕМ БАЙКЕНЖЕ
Өңірдегі өндіріс ошақтары ең көп орналасқан Байкенже ауылдық округінде де берекелі істердің бастауы бар. Оның бір парасын ауыл әкімі Н.Оспанов есепті кездесу барысында баян етті. Кәсіпкерлік саланың көкжиегі кеңейіп келе жатқаны белгілі болды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес 2017 жылдың ауылдық округте 6 дара кәсіпкер тіркеліп, оның ішінде, А.Жүнісова кафе және сауда дүкенінің жобасы бойынша 1500,0 мың теңге, М. Құрбанбаева мал бордақылау жобасы бойынша 1800,0 мың теңге, М. Мәмбеталиев мал бордақылау жобасы бойынша 1200,0 мың теңге несие алып кәсіпкерлік бағытынды жұмыс жасауда екен. «Құт-Береке» жеке кәсіпкерлігі бал ара өсіру жобасымен облыстық грантты жеңіп алып, қайтарымсыз 1000,0 мың теңгеге ие болған.
«Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 1 (Арыстантегі) шаруа қожалығы 3,6 млн теңге несие алып, кәсібін дөңгелетуде.
Мұнан кейін қоғамдастық кеңестің төрағасы Серкінбаев Молдабай 1980 жылдары негізі қалаған №193 мектеп 120 балаға арналып салынғанын айта келе, бүгінгі таңда 240 оқушы білім алып жатқанын жеткізді. Ішкі мүмкіндігі тар болғандықтан қосымша ескі мектептеде бөлініп оқуда екен. Осыған байланысты ауылдан 300 орындық жаңа мектеп салуды сұрады. Сондай-ақ ол ауылдағы 3 көпірдің үшеуі де авариялық жағдайда екендігін айта келе, күрделі жөндеуден қажеттігін қайырып айтты.
Пікір 2