КЕНТ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ ІСТЕРМЕН КЕЛІСТІ
Ел алдында есеп беру кезегі Жаңақорған кентінің әкіміне де келіп жетті. Әкім болып сайланғалы алғаш рет есеп берген Абунасыр Бекишов баяндамасында аудан әкімі түзген сегіз көрсеткішке басымдық берді. Бұл жөнінде сәл кейінірек. Әуелі аудан әкімі Ғалым Әміреев пен аудандық полиция бөлімі басшысы Ғани Тұрсекеев 2018 жылы атқарған ілкімді істерін сүзгіден өткізді. Нақты көрсеткіштерге тоқтап, жеткен жетістік пен бір жылда бағындырған белесті баяндады. Облыстан өкіл ретінде Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімов қатысты.
Хош. Әлгінде айтқан сегіз көрсеткіштің біріншісі салық түсімдерінің орындалу барысы. Кент әкімі Абунасыр Бекишов өткен жылы салық түсімдерінің артығымен орындалғанын мәлімдеді. Мәселен, кенттегі өзін-өзі басқарудың қолма-қол бақылау шотына жергілікті салықтан болжам 84 234,6 мың теңге болса, бүгінгі таңда орындалғаны 90 173,3 мың теңге, айырмасы 5938,4 мың теңге. Яғни, орындалу салық түсімі 107,0 пайызға артығымен орындалған. Оның ішінде: ИПН жоспары -52395,2 мың теңге, нақты -45493,1 мың теңге. Ал, мүлік салығы жоспары -1578,1 мың теңге, нақты -716,4 мың теңге, орындалуы -45,4 пайыз. Жер салығы жоспары- 1277,0 мың теңге, нақты- 1522,2 мың теңге, орындалуы -119 пайыз. Көлік салық жоспары -20000,0 мың теңге, нақты -42366,5 мың теңге, орындалуы -472 пайыз артық. Салық емес түсімдер жоспары -371,2 мың теңге, нақты -1561,2 мың теңге, орындалуы -212 пайыз артығымен орындалған. Десе де, осы тұста аудан әкімі Ғалым Әміреев кенттегі салық түсімі бұданда жоғары деңгейге жеткізуге болатынын жеткізді. Аудан басшысының айтуынша, салық түсімін 100-150 млн. теңгеге дейін артығымен орындауға мүмкіндігі бар екен. Ол үшін талмай жұмыс жасау қажет. Мәселен, Жаңақорған кентінде 5000-нан астам автокөлік бар екен. Бір ғана, көлік салығынан қыруар қаржы құйылар еді қазынаға. Әсіресе, қымбат шетелдік темір тұлпарлардың да салығы қымбат екені сөзсіз.
Екінші көрсеткіш, Кәсіпкерлік саласы. Тауар айналымы 2 млн. теңгеден асатын кәсіпкерлер санын арттыру. Өткен жылы 845 тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелсе, оның ішінде 103-і такси қызметі. Ал, тауар айналымы 2 млн. теңгеден асатын кәсіпкерлер саны – 315 екен. Мұның да санын арттыруға мүмкіндік мол. Одан бөлек, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша, кент бойынша 2018 жылы 73 адам қысқа мерзімді кәсіптік негіздері курсына оқуға қатысқан. «Бастау бизнес» жобасы бойынша, кәсіпкерлік негізде кент бойынша 61 азамат қатысып, оның 103-і өз бизнес жобаларын қорғап шыққан. 29 азамат 50 млн. 867 мың теңге несиемен қаржыландырылып өз кәсібін бастаған.
«ҚОРҒАНТОҒАЙ» НЕГЕ ҚАЛЫП КЕТЕ БЕРЕДІ?
Әкімдер есебінен соң, сұрақ-жауап бөлімі қыза түсті. Негізі тұрғындардың басым бөлігі есепті тыңдауға емес, талап-шағымдарын тыңдатуға келгендей. Шыны керек, көтерілген мәселе қалмады. Түйдек-түйдек түйіні шешілмеген тақырыптар ортаға салынды. «Қорғантоғай» мөлтекауданынан келген тұрғын ауыз су, жарықтандыру жайына келгенде, «Қорғантоғай» жоспарға енбей қалып кете беретінін сауал етті. Оған қоса, тозған шағын футбол алаңының бүгінгі жай-күйін жеткізді. Ал, Жанпейісов көшесін жарықтандыру мен айналмалы жолдың жыры көтеріліп жүргеніне біршама уақыт өткені айтылды. Қоғам белсендісі Ізәтілла Нәрзілдаев кент әкімінің есебіне ел атынан алғыс айтып, кенттің көркейе беруіне тілегін білдірді.
Өз кезегінде аудан әкімі Ғалым Әміреев алдағы уақытта өтетін кенттің қоғамдық кеңесіне арнайы қатысатынын уәде етті. Сонда айтылған мәселелерді талдап, сараптап, қайсысы ел үшін маңызды сол бағытқа қаржыны бөлу керектігін жеткізді. Яғни, кент тұрғындары үшін ең өзекті дегені таңдалып, қолда бар қаржыны соған жұмсау қажеттігін айтты.
Ел ағасы Алшынбай Тұртанов ауыз су құбыры құрылысының сапасын сынға алды. Әу-баста суға қарық боламыз ба деген қарақұрым халық, бүгінде қазылған арықтан көз ашалмай қалды. Кентішілік ауыз су құбырларының жүргізілу барысына тұрғындардың көңілі толмайды. Мәселен, жаңбыр жауып, күн күркіреген күндері су құбыры жүргізілген аумақта «аққу ұшып, қаз қонбаса да» қазылған ордың орны төмен түсіп, көлік жүргізушілері мен тұрғындарға жайсыздық тудыруда. Әсіресе, бас көшелердің бойын қазған кезде артынан асфальттап кеткенде ел арасында мұндай мәселе туындамаушы еді. Алшынбай Тұртанов 100 жылда жеткен мемлекеттің қыруар қаржысына сапалы ауыз су құбырын жүргізіп, әрбір үйге кіргізіп беру сервистік қызметін қоса атқару керектігін тілге тиек етті. Одан бөлек мал ұрлығы Жаңақорғанның кәсібіне айналғанын және қасақана екі кісі өлімінің ашылмай жүргенін мәселе етіп көтерді.

Әбдісамат ӘБДІШ.