№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СУДЫ ЫСЫРАП ЕТПЕЙІК!

СУДЫ ЫСЫРАП ЕТПЕЙІК!

Суды көп қажет ететін күріш толық егіліп бітті. Дегенмен, диқандар дариядағы су деңгейіне алаңдаулы. Істің мән-жайын білу мақсатында мамандармен сөйлестік. Алдымен «Жаңақорғансушар» өндірістік учаскесінің басшысы Абдімажит Ахметовке жолықтық.
– Биыл жауын-шашынның мөлшері аз болды. Соның әсерінен Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінде су жылдағыдан кем жиналды. Бұл дария суының деңгейіне әсер етті. Оның үстіне, көктем айы да кеш түсіп, диқандар дала жұмыстарына кеш араласты, – деді ауданның бас мұрабы.
Сырдария – трансшекаралық өзен. Қырғызстан, Өзбекстан басып өтеді. Екі ел егін шаруашылығына өзен суын мейілінше пайдаланады. Биылғы құрғақшылық дария суына әсер етпей қоймайды. Осыны ескерген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары биыл су тапшылығы болатындығы жөнінде хат жіберді. Осыны басшылыққа алған облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов аудан әкімдеріне нұсқау берді.
Қазір үрмелі бөгеттің көмегімен Сырдариядағы су деңгейін 20-30 сантиметр көтерілді. Осылайша Келінтөбе каналы арқылы сегіз ауылдық округке, Сунақата каналы арқылы үш ауылдық округ диқандары күрішті суаруда. Вици-министр жіберген хатта каналдан мойыны қашық, су шығуы қиын жерлерге күріш егуді тоқтату, ротация ұстаудың маңыздылығы көрсетілген.
Абдімажит Сыздықұлының сөзінше, біздің ауданның жері биіктеу. Сондықтан Шардара су қоймасынан жіберілетін су деңгейі күрт азайған жағдайда Келінтөбе каналындағы су деңгейі бес күн ішінде әсер етеді. Ал, Жалағаш, Қармақшы, Қазалыда тек бір айдан кейін ғана белгілі болады.
23 сәуірде аудан әкімі Ғалым Әміреев те шаруа қожалықтарына суды тиімді пайдалану, биік жерлерге егіс орналастырмау, насоспен су ішетін күріштіктерге қажетті техниканы орнатуды тапсырды.
Бірақ, кейбір шаруалар суды уақытылы алмаған екен. Су мұрабы оның себебін шаруашылықтар «Жаңақорғансушармен» уақытылы келісімге отырмағанымен түсіндірді...
Бүгінгі жағдайдың басты талабы – аз суды ысырапсыз пайдалану. Яғни, каналдардың тазалануына мән беру, ротацияға бағыну қажет-ақ, Алдағы айларда су деңгейі көтерілмейтін болса, суды реттілікпен (кезектесе) суаруды жолға қою керек секілді...
Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
23 маусым 2018 ж. 1 549 2

MatTrem от 16 маусым 2019 01:52
Cialis Vendita Generico Caracteristicas La Propecia Purim cialis without prescription Specificity Of Cephalexin For Pept1

RebekahUnutt от 5 ақпан 2020 08:55
По моему мнению Вы не правы. Я уверен. Предлагаю это обсудить. Пишите мне в PM. ====== http://kinokard.ru/novinki/ | http://kinokard.ru/