№84 (8795) 22

22 қазан 2024 ж.

№83 (8794) 19

19 қазан 2024 ж.

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

«ҮЗДІК ҰСТАЗ»

Жас ұрпақтың рухани сәулеткері – ұстаз. Яғни, адами капиталды қалыптастырып, сапасын арттыратын күшке ие. Сондықтан, зерделі де зерек, зейінді ұрпақ тәрбиелеушіге қандай құрмет көрсетсекте жарасады.
Ендеше, білім беру саласында табысты еңбек етіп, биік белестер бағындырған Ләззат Жұмабекованың еңбек жолы өнегелі өрілген. Ағарту саласында 30 жылға жуық тынымсыз қызмет еткен ұстаздың алдын көргендер елдің түкпір-түкпірінде қызмет етеді. Оның білім саласында жеткен жетістіктері көп. Мәселен, облыстық білім басқармасы мен облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапатталса, 2015 жылы «ҚР білім беру ісінің кұрметті қызметкері» төс белгісін кеудесіне таққан. Ал, биыл Елбасы тапсырмасына сәйкес, аудан ұстаздары арасынан дара шығып, аттестаттаудың жаңа ережесі бойынша «Шебер педагог» дәрежесін қорғады. Облыс бойынша мұндай құрметке екі ғана мұғалім лайықты болса, соның бірі біздің кейіпкер.

Ләззат ЖҰМАБЕКОВА,
№163 мектептің жоғары санатты мұғалімі.
31 желтоқсан 2018 ж. 1 101 0