№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда қай мамандық иелері жұмысқа орналаса алмай жүр.

Қазақстанда қай мамандық иелері жұмысқа орналаса алмай жүр.

  Қазақстанда ЖОО түлектерінің 35,4% өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаспаған, 40% түлек - 12 айда жұмысқа тұрмаған, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап. 

ÒазаÒÑÑанда Òай мамандÑÒ Ð¸ÐµÐ»ÐµÑÑ Ð¶Ò±Ð¼ÑÑÒа оÑналаÑа алмай жүÑ
   Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мәлімдеді.  

  «Сауалнамаға 2016-2017 жылы ЖОО дипломын алған 8 мыңнан астам түлек жауап берді. Мұнда барлық қазақстандық ЖОО түлектерін қамтуға тырыстық, сондықтан зерттеу нәтижесі де әділ шықты деп ойлаймыз. Сараптау жұмыстарын экономикалық органдардың мамандары жүргізді, яғни әділдік үшін ЖОО өкілдері қатыстырылған жоқ. Жалпы айтқанда, қазақстандық білім беру бағдарламалары жетілдіруді талап етеді. Кей оқу орындары ХХ ғасырдың ортасындағы оқулықтарды пайдаланады. Әсіресе, радиоэлектроника мен телекоммуникацияға қатысты жабдықтар мен байланыс құралдары ескірген. Мәселен, 2G форматын жаңашылдық ретінде оқып жүр. Ал қазір 4G форматы бар, жақында 5G форматы қолжетімді болады. Қазір жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсынымдар әзірлеп жатырмыз. Осылайша, Атамекен палатасы қазақстандық ЖОО-ларға тегін көмек береді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

  Сонымен бірге, ҰКП өкілі түлектердің мамандық бойынша жұмыс істемейтін негізгі бағыттарын атады. «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес бағытында - түлектердің 40,24% жұмыс істемейді. Техникалық ғылымдар мен технологиялар - 41,97%, құқық - 43,73%, қызмет көрсету саласы - 43,42% және ең үлкен антилидер - ауыл шаруашылығы ғылымдары (51,06%) болып отыр», - деді О. Ордабаев. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының деректерін талдай келе, орташа еңбекақы деңгейі мынадай:

  Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес бағытында - 114 721 теңге, Техникалық ғылымдар мен технологиялар - 149 963 теңге, құқық - 89 434 теңге, қызмет көрсету саласы - 98 180 теңге, ауыл шаруашылығы ғылымдары - 77 045 теңге. Атап өткен жөн, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» үлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасы рейтингінің үшінші кезеңін қорытындылап отыр. Онда жұмыс берушілердің бағалауы, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, түлектердің еңбекақы көлемі және түлектердің пікірі сынды төрт негізгі критерий назарға алынған.


27 желтоқсан 2018 ж. 848 0