ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып 32 жастағы Дана Жүнісова тағайындалды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Дана Бейсенқызы Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін вице-министр лауазымында Бауыржан Бекешев болған. Ол басқа жұмысқа ауысуына орай қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР премьер-министрініңбаспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Дана Жүнісова – Целиноград қаласының тумасы. Ол 2006 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдап, экономист біліктілігін алды.32 жасында ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған Жүнісова еңбек жолын 2003 жылы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-да бас маман болып бастаған. Одан кейін «Астана-Финанс» АҚ-да бас менеджер, «2011 жылғы 7-ші қысқы Азиада ойындарының Ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-да департамент директоры болып қызмет атқарды.
2013-2015 жылдары тариф орнату бойынша департамент директорының орынбасары, Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары, Экономикалық интеграция департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өнеркәсіп және инвестициялық саясат департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
2015 жылдың қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.