№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 2019 жылдан бастап «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мектеп бағдарламасына енеді

2019 жылдан бастап «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мектеп бағдарламасына енеді


Жаңа пән мектеп бағдарламасына 2019 жылдан енгізіледі. Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауының басты бағыттарын жүзеге асыруға байланысты баспасөз конференциясында айтты,

 «Қазір бұл оқулық дайын деп айтуға болады. Көптеген мектепте 2018 жылдан бастап пилоттық жоба ретінде бастап кеттік. 2019 жылдан бастап бұл мектеп бағдарламасына енетін болады. Ендігі басқа пәндерден бұның айырмашылығы, бұл – интерактивті түрде өтетін пән. Біз портал жасап жатырмыз осыған байланысты. 10-11-сынып оқушылары Қазақстан бойынша осы порталда отырады... Қазір күнделікті немен қызығады, соған байланысты сол бизнесмендер туралы айтсақ. Мысалы, ғалымдармен бізде ой-пікір болды, Қазақстанда да ондай өзін жақсы деңгейге көтерген кәсіпкерлер көп. Солардың өмірін айта отырып, еңбекке баулуды жөн көріп отырмыз», - деді Жұмағазиев.
Еске сала кетсек, аталған пәнді енгізу туралы ұсыныс 2015 жылы беріліп, Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау тапқан.
20 ақпан 2018 ж. 1 510 0