№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2019 жылы дәрі-дәрмектердің бағасы біркелкі болмақ

2019 жылы дәрі-дәрмектердің бағасы біркелкі болмақ

   Келесі жылдың қаңтар айынан бастап тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары мен айналымын реттеудің жаңа үлгісі енгізіледі, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

   «Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары мен айналымын реттеудің жаңа үлгісі енгізу туралы заң қазірде Сенат қарауында. Заңнама бойынша дәрілерге еліміздің барлық территориясында біркелкі баға енгізіледі. Дәрі-дәрмектің бағалары Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі. Аталған бұйрық пен дәрі-дәрмек бағалары туралы ақпарат министрлік пен оған қарасты ұйымдардың сайттарында қолжетімді болады», - деді ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

  Оның айтуынша, бүгінде министрлікке қарасты Ұлттық сараптау орталығы мобильді қосымша жасап шығарды, ол арқылы пациент дәріханадағы дәрі-дәрмек бағаларының министрдің бұйрығына сәйкестігін тексере алады.

   «Дәріханалар бағаны өздігінен төмендетеміз десе ол өз еркінде, бастысы министрлік бекіткен бағаны өсірмеуі тиіс. Бұйрықты бұзу орын алған жағдайда дәріхана басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылады, яғни айыппұл төлейді. Егер қайталанған жағдайда алдымен 6 айға лицензиясы алынып, кейін толық дәрі-дәрмек сату құқығынан айырылатын болады», - деді ол.

  Фармация комитетінің басшысы аталған жаңа заң жобасын Сенат бекіткен жағдайда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін айтты.     

06 желтоқсан 2018 ж. 1 237 0