№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

МАТЕМАТИК


«Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек». Бұл – Елбасының биылғы Жолдауындағы маңызды басымдықтың бірі. Әрине, математика – бар ғылымның атасы десек, жаратылыстану ғылымдары жаңалық атаулының жаршысы екені ақиқат. Демек Президент пәрменін сапалы орындауда аталған пән мұғалімдеріне артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Мұндай жүктемені өзінің кәсіби білімімен, өмірлік тәжірибесімен мойымай ұстаздардың қатарында Раушан Үсейінованы жатқызуға болады.
Сандардың сырын ұққан ұстаздың математика пәнінен сабақ бергеніне 32 жыл. Сабақты бала санасына сіңіру үшін үнемі қарапайым өмірден алынған мысалдармен келтіре отырып, баланың зейінін аша білді. Мейірімді апайдың ізін басып, математика бағытына бет бұрған түлектер аз емес.
Раушан Өтегенқызының баулыған шәкірттері дүбірлі додаларда топ жарып жүр. Сондай жігерлі жастың бірі – Гүлсезім Рысбай Қызылорда қаласында «Ізденіс жолы» қоғамдық қоры және «Эрудит» Интеллектуалды білім порталы ұйымдастырумен өткен облыстық «Orda-junior» дарынды оқушылар арасында үздік ғылыми жұмыстары байқауында ІІ- орын иеленді. Оған қоса, математика пәнінен қашықтықтан өткізілген республикалық олимпиадада І-дәрежелі «Дипломмен» марапатталған. Сондай-ақ, «КИО» республикалық интернет олимпиадасынан «Үздік нәтиже» сертификатына қол жеткізген. Ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы жылдағы көрсеткішінде Аян Дүйсенбиев пен Гүлмарал Жанзақ математика пәні бойынша жоғары балл жинап, «Алтын белгі» иегері атанды.
Осындай үлкен жетістікке жету жолында Раушан Үсейінова сабақ жоспарына озық әдістемелік құралдарды енгізіп, инновациялық тәжірибелерді жиі қолдануы себеп болса игі. «Оқушыларды ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру», «Қиынырақ есептерді оңай шешу жолы», «геометриялық прогрессия мүшесінің қосындысын табу формуласы» секілді әдістермен оқушы талабын ашқан. Ол тек оқушыларды ғана емес, өзін-өзі дамытуды ұмыт қалдырған емес. Біліктілігін арттыру мақсатында «білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесінде оқытуды басқару» курсынан өткен. «Онлайн тестілеу технологиялары», «инновациялық электронды оқыту курстарын қолдану теориясы мен тәжірибесі», «Тәжірибедегі рефлекция» секілді қысқа мерзімдегі оқулардан өтті.
Ұлағатты ұстаз балаларды есепке жүйріктілікке баулу үшін үнемі он күндік шаралар ұйымдастырып келеді. Соның бірі жуырда өткен «Арифметика – ғылымдардың патшасы» он күндік шарада мектептің барлық сыныбы қамтылды.
Ізденіс жолына түскен мұғалима Раушан Үсейінованың еңбегін бағалаған «Platon» Халықаралық білім дамыту орталығы «Дипломмен», «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, аудан әкімі және ауыл әкімі «Алғыс хатпен» марапаттаған.
Мерейі тасыған мұғалім Раушан Өтегенқызы: « Шәкірттерім ел сенімін ақтап, өмірден өз жолдарын табуда. Мұғалімге өзі баулыған оқушының биік шыңдарды бағындырғанын көргеннен асқан бақыт болмайтын секілді. Елдің іргесі мығым, ғылым мен мәдениеті озық болуы үшін мектеп мұғалімдері Елбасы айтқан басымдылыққа мән беріп, оны жүзеге асуы үшін аянбай тер төгуі парыз. Жолдауды әр жыл сайын оқып, алдағы күндерге нақты мақсат қойып, бала оқытуға бағыт-бағдар аламын», – деді.

Мақпал ПӘТЕНОВА.
10 ақпан 2018 ж. 1 790 1

Гость Jeahulalf от 5 ақпан 2019 15:38
Precio De Keflex En Mexico viagra prescription Pay For Cialis With Paypal Cheapest Genaroc Viagra tomar propecia alopecia androgenetica Viagra Price At Walgreens