СЫР ОҚУШЫЛАРЫ СИНГАПУРЛЫҚТАРДЫ АРТТА ҚАЛДЫРДЫ
2015 жылғы соңғы TIMSS қорытындысы бойынша Қызылорда облысының 8-сынып оқушылары еліміздегі үздік жетістіктерге жетіп, әлем рейтингісінде алдыңғы қатарда тұрған Сингапурдан да жоғары көрсеткішке жетіп, басымдық білдірді.
Байқауға Қызылорда облысынан 13 мектептен (7 қазақ тілінде оқытатын және 6 аралас) 857 оқушы қатысты.
Рейтингі бойынша орыс тілінде оқитын Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының 4-сынып оқушылары жалпы рейтингте үздік 5 мемлекеттің көрсеткіштерімен салыстырмалы және одан да жоғары нәтижелерді көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, халықаралық математика және жаратылыстану пәндер бойынша білім беру сапасына халықаралық мониторинг жүргізетін TIMSS (ағылш. TIMSS — Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі Халықаралық IEA білім беру жетістіктерін бағалау қауымдастығының ұйымдастырған бағдарламасы болып табылады. Бұл зерттеу 4-ші сынып оқушылары мен 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану тәрбиесінің деңгейін, сапасын әлемнің әртүрлі елдерінде салыстыруға, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіндегі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Төрт жылда бір жүргізілетін зерттеу циклы осы күнге дейін 6 рет 1995, 1999, 2003, 2007, 2011 және 2015 жылдары ұйымдастырылған.
2007 жылдан бастап қазақстандық оқушылар рейтингке қатысады. TIMSS-2015 жылы Қазақстан 179 мектептен (4710 төртінші сынып оқушылары және 4869 сегізінші сынып оқушыларын) жалпы саны 9 579 оқушыны таныстырды. Математика бойынша төртінші сынып оқушыларының орташа балы 544 ұпай, жаратылыстанудан 550 балл жинаса,8 сынып оқушылары математикадан - 528 балл, жаратылыстану ғылымдарынан – 533 ұпаймен көзге көрінген. Келесі зертеу 2019 жылы жүргізіледі.

Пікір 2