№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨРКЕНДЕУ НЕГІЗІ – АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУДА

ӨРКЕНДЕУ НЕГІЗІ – АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУДА


Экономиканың дамуына үш түрлі капитал үлес қосады. Бірінші, табиғи капитал, екінші, физикалық капитал. Үшінші, адами капитал. ХХІ ғасырда мемлекеттің өркендеу өрісін кеңейтуде үшіншісі басымдыққа ие болып тұр. Сондықтан, зияткерлік активтермен өлшенетін адами капиталды білім беру жүйесінде дамыту қолға алынды. Әсіресе, орта мектептерге басымдық беріп, материалдық-техникалық базасын нығайтуда. Осы ретте, аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимовті әңгімеге тартып, білім саласындағы жаңашыл қадамдарды сұрадық.
– Жаһандану дәуірінде жетістік жолын тауып, дамудың жаңа сапасына көтерілу қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұратқа жету жолында адами капиталды дамыту қажаттілігін тапсырды. Жауапкершілігін жүгін білім саласы қаншалықты сезініп отыр?
– Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдармалық мақаласы мен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында білім саласын дамытудың айқын басымдықтарын белгілеп берді.
Адами капиталға басымдық беріп, заманауи сын-тегеуріндерге жауап беретін шешім ретінде қабылдады. Себебі, бүгінгі постиндустриялық даму, инновациялық экономика, білім экономикасы ғасырында жоғары деңгейлі маман, өз ісінің шебері кез келген мемлекеттің артықшылығы болып табылады.
Қазір жаңартылған бағдарлама кезең-кезеңімен мектептерге енгізіліп, заманауи талаптарға сай жауап беретін мультимедиялық кабинеттер құрылуда. Бұл өзгерістерге ұстаздар дайын болу үшін біліктілігін арттыруды жолға қойдық.
– Мультимедия демекші, биыл физика, химия, биология кабинеттеріне интерактивті панель орнатылды. Жаңа құрылғының артықшылығына тоқтала кетсеңіз.
– «Н1 – ТД75» маркалы интерактивті панелінің артықшылығы көп.
Біріншіден, үш тілде жұмыс жасайтын тақтада оқушыға қажетті ақпараттар шоғырланған. Демек, оқушының үш тілді меңгеруіне септігі бар.
Екіншіден, бір мезетте 10 оқушы жұмыс жасай алады. Бұл уақытты үнемдеуге әрі оқушының сапалы білім алуына мүмкіндік береді.
Үшіншіден, заманауи тақтаның жады кең. Тіпті, мұғалім өткен сабағын осы тақтаның жадына сақтап, кез-келген уақытта пайдалана алады.
Төртіншіден, тақтамен жұмыс жасайтын мұғалім де, оқушы да қосымша заттардан арылады. Яғни, сабақ өтуге қажетті маркер немесе сызғыш, циркуль сияқты оқу құралдарының қажеті жоқ.
Бесіншіден, жаратылыстану және математикалық пәндерде сабақты тиімді, жан-жақты мәліметтермен қамтамасыз тақта сенсорный панел жұмыс жасайды. Әрі интернетке қосылатын мүмкіндігі мол.
Сондай-ақ, тақтаның беті арнайы антибликті шынымен жабдықталғантықтан оқушының көзін жағымсыз энергиядан қорғайды.
– Қандай мектептерге берілді?
– Физика бағыты бойынша №163, №167, №168, №169, №194, №224, №242 және №110 мектеп-лицейіне орнатылды. Интерактивті панельдер №51, №55, №52, №125, №163, №192, №209 және №110 мектеп-лицейінің химия кабинетіне қойылды. Ал, биология бойынша №51, №53, №125, №169, №213, №245, №3 мектеп-интернатына берілді. Бұл мектептерде білім мазмұнын жаңарту бойынша оқыған мұғалімдер пәндері бойынша сапалы мәліметтермен жұмыс жасай алуына мол мүмкіндік болып тұр.
Айта кететіні, «Н1 – ТД75» интерактивті панелі Астана, Атырау қаласында және Қызылорда облысында біздің ауданда ғана бар екен. Енді заманауи құрылғынын мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушының зердесін ашуға күш салатын боламыз.
– Биыл роботтехника кабинеттерінің саны артты. Солай емес пе?
– №54, №125, №160, №163, №168, №169, №184, №208, №209, №229, №239 және №110 мектеп-лицейінде кабинеттері кабинеттері құрылды.
Робототехника бойынша физика, информатика, математика пәнінің мұғалімдері үйірме жұмысын жүргізе алады. Аудан мектептерінен 45 ұстаз «Робототехника негіздері» атты курстан өтіп, оқушыларды роботтехниканың қыр-сырын үйретуде.
– Жаңартылған оқу бағдарламасының бір міндеті қағазбастылықты азайту. Мұндай жұмыстарды электронды журнал мен күнделіктен көріп отырмыз. Тың бастаманы аудан ұстаздары қалай қабылдады? Қаншалықты меңгеріп кетті?
– Жалпы, жаңартылған оқу бағдарламасының артықшылығы көп. Оны ұстаздар дұрыс қабылдады әрі жүзеге асыруда белсенді кірісті дей аламын.
Қазіргі таңда білім беру ұйымдары интернет желісіне толығымен қосылған. 2016 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасына аудан бойынша 12 мектеп тіркеліп жұмыс жасаған болса, 2018 жылдың мамыр айынан бастап 28 мектеп қосылды. Биыл екі мектеп тағы тіркеліп, барлығы 42 мектеп түгелімен электронды журнал, күнделік жүйесімен жұмыс жасауда. Бұл жобаның тиімділігі ата-ана өзінің паролімен сайтқа кіру арқылы баласының үлгерімін және тәртібін кез-келген уақытта қадағалауға мүмкіндік алады. Электронды журналдың сапалы жүргізілуі үшін мектептерге 663 планшет және 403 роутер (wi-fi) берілді.
– Әрине, кез-келген бағдарламаның жемісті болуы ұстаздардың біліктілігіне байланысты. Бұған да мән берген боларсыздар?
– Әрине, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Сондықтан реформаның жемісті болуы – ұстаздың біліктілігіне байланысты. Осыны қаперге алып, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өткен оқу жылында 1180 мұғалім курстан өтті, бұл мұғалімдердің 47 пайызын қамтиды. Демек бұл бағытта атқарар шаруамыз жетерлік. 2018-2019 оқу жылында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары жалғасын табады. Қазіргі таңда деңгейлік бағдарламалар бойынша деңгейлік оқу курстарынан өткен мұғалімдер 24 пайызды құрайды.
2017-2018 оқу жылында жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілін кіріктіріп оқыту бойынша 46 педагог біліктілік арттыру курсында білімін жетілдірді Оның ішінде, 4 педагог 10 айлық курс бойынша біліктілігін шыңдады. 2018 жылдың 15 тамызынан бастап А2 деңгейі бойынша аяқтаған 16 педагог біліктілігін арттыруды жалғастырды. Бүгінде 23 мұғалім пәндерге ағылшын тілін кіріктіріп оқыту бойынша 12 мектепте (8 сыныпқа физика, информатика, биология, химия пәні бойынша) сабақ бастады.
– Сыр өңірінде мектеп құрылысы көп жүрген ауданның бірі – Жаңақорған. Осы жөнінде тарқата айтсаңыз...
– 2000-2010 жылдар аралығында 10 мектеп, 2010-2018 жылдар аралығында ауданда 16 мектеп жаңадан пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда 42 мектептің 95 пайызы, яғни 40 мектеп типтік ғимараттарда орналасқан.
Биыл Қожамбердігі №162 мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Түгіскендегі №256 мектептің, Жаңақорған кентіндегі №56 мектеп жаңа оқу жылында есігін ашты. Жыл соңына дейін асар әдісімен салынған Аққұм елді мекеніндегі 100 орындық мектептің құрылысы аяқталады.
МАИ бекетінен 300 орындық және Жаңарық елді мекенінен 300 орындық жаңа мектептердің жобалау-сметалық құжаттары аудандық құрылыс бөлімі арқылы дайындалды, облыстық білім басқармасы арқылы республикалық бюджеттен тиісті қаржысы сұралуда.
– Сұхбатыңызға рақмет!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
02 қазан 2018 ж. 1 355 0