Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІЛІМ ЖАСТАРДЫ БИІККЕ БАСТАЙДЫ

БІЛІМ ЖАСТАРДЫ БИІККЕ БАСТАЙДЫ

 Жалпы білім беретін мектептерге зияткерлік мектептерінің тәжірибесі трансляцияланады. Яғни, Жолдауда айтылғандай, «Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады».
Осы ретте, зияткерлік мектептердің артықшылығы неде, ерекшеліктері қандай деген сауал туындайтыны ақиқат. Мұның жауабын Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барғанымызда білдік.
Оқушыларға химия-биология бағытында тереңдетіп білім беретін заманауи мектептің тыныс-тіршілігімен директор Бақыт Әмірханұлы таныстырды.   

   – Біздің мақсат – үш тілді еркін мең­герген ғылыми көшбасшы бола алатын жастарды даярлап, Қазақстанның әлем­дік ғылым мен техника кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті азаматтарын қалып­тастыру, – деп бастады әңгімесін дирек­тор.
Сыр өңірінің облыстық, қалалық, ау­дан­дық басылымдардың редактор­ла­рынан «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Сақыпұлы зияткерлік мектептің басты артықшылығын сұрады.
– Білім беру үлгісі негізгі және жоғарғы мектептерде оқушыларды Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқы­туды қамтиды. Халықаралық Бака­лавриат (International Baccalaureate) бағ­дарламасы – шетел университеттеріне түсу үшін мақсатты дайындық курсы. Бұл дегеніміз, түлектердің Еуропаның университтеріне дайындық курсына қатыспай-ақ оқуға қабылдануына және Қазақстанның 10 беделді жоғары оқу орнына 2-курстан түсуге мүмкіндік береді, – деп жауап қатты Бақыт Жұматай.
– Қанша оқушы бар?
– Мектепте 680 оқушы білім алуда.
– Аудандардан тәлімгерлер бар ма?
– Барлық аудан қамтылған.
– Ауданнан келген оқушылар қайда тұрады?
– Мектепте 120 орындық жатақхана бар. Сонда орналастырылады.
– Несінші сынаптан қабылдай­сыздар?
– 7-сыныптан бастап...
– Бұл мектепке қалай оқуға түсуге болады?
– «Өркен» білім беру грантын пәндік тест бойынша математикадан және қабілеттілік тест бойынша «сандық сипаттамалардан» ықтимал жоғары балл жинағандар алады.
– Материалдық базаның деңгейі қандай?
– Зияткерлік мектеп оқу, спорттық, жатақхана блогынан тұрады. Оқу бло­гында 63 кабинет, оның ішінде, 10 оқу­шыға арналған 40 кабинет, 20 оқушыға арналған 16 кабинет, 2 әмбебап кабинет, 5 жеке сабақтар бар. Сондай-ақ, лабораториялар, медициналық кабинет, 360 орындық тамақтану және мәжіліс залы бар.
– Түлектердің ЖОО-ға қамтылуы қалай?
– Биылғы 132 түлектің 100 пайызы жоғары мектептерге түсті. Оның сегізі әлемдегі озық университетінің білім грант­тарын иеленді.
– Қандай тілдерде білім бере­сіздер?
– Қазақ, орыс, ағылшын тілінде ілім жинайды.
– Ағылшын тіліндегі сабақты кім­дер береді?
– Қазір Канада, Филиппин, Уганда және Кениядан келген мамандар оқу­шылардың ағылшын тілінде сапалы білім алуына септесуде. Бұл міндетті 2020 жылдан бастап өзіміздің ұстаздар атқаратын болады.
– Мұғалімдерді жұмысқа қа­был­дау қалай жүргізіледі? Жас ма­мандардың ұстаз болу мүмкіндігі қан­шалықты?
– Дипломы бар кез-келген адам бізге жұмысқа орналасуға құқығы бар. Тек іріктеу негізінде қабылдаймыз. Оларға қойылатын талап өте жоғары. Іріктеу болғасын жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан үміткерлердің мерейі үстем болады. Үміткер алдымен пәні бойынша жазбаша сынақ тапсырады. Екінші мұғалімнің шығармашылық қарымы тек­серіледі. Яғни, эссе жазады. Одан кейін әңгімелесуге сүйенеміз. Осындай талап-міндеттерге жауап бере алған жас ұстаздарды да жұмысқа қабылдаймыз.
Журналистердің сұрақтарына байып­ты жауап берген директор Бақыт ­ білім ордасын аралап шығуды ұсынды.
Алдымен мектеп дәлізінде жабдық­талған көрмемен таныстық. Онда оқу­шылар жасаған қолөнер және әшекей бұйымдары, түрлі тақырыпта салынған суреттер қойылыпты. Сосын кітапхана, лабораториялық, мультимедиялық және робототехника кабинетінде, баспасөз орта­лығында болдық. Спорт және тренажер залдағы мүмкіндіктерді көрдік.
Бізді нанотехнология кабинетіндегі тәжірибелік жұмыстар қызықтырды. Он­да оқушылар медицина саласында кең қолданылатын нетенол металының қа­сиетін көрсетті. Яғни, бұл металл бастапқы пішінін қайта қалпына келтіре алады. Нанотехнология жетістігінің бірі – өрт қауіпсіздігін арттыратын сұйықтықты және бойынан электр зарядтарын өткізе алатын АнтиОН шынысын таныстырды.
Айта кететіні, Назарбаев Зияткерлік мектебінде сегіз жаңақорғандық жас білім алады. Атап айтқанда, Әлішер Молдахмет, Еділхан Шахмардан, Сейт­хан Серікбай12-сынапта, Нұрсұлтан Табынбай, Ақсымбат Қуандық, Аянат Шамшидин 7-сыныпта оқиды. Ерзат Мейрам­бекұлы 11-сыныпта және Мейір­жан Балтабаев 8-сыныпта білім алады.
Осындайда Абайдың «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық» дегені ойда жаңғырды.
Расында, жастарды биікке жетелейтін күш білімде ғана...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ,
Жаңақорған-Қызылорда-Жаңақорған.
27 қараша 2018 ж. 1 087 0