№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандықтар көбінесе қандай дәрі-дәрмектің жағымсыз әсеріне тап болады

Қазақстандықтар көбінесе қандай дәрі-дәрмектің жағымсыз әсеріне тап болады

Үстіміздегі жылдың 9 айында дәрілік заттардың жағымсыз әсерін мониторингтеу нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
ÒазаÒÑÑандÑÒÑÐ°Ñ ÐºÓ©Ð±ÑнеÑе Òандай дÓÑÑ-дÓÑмекÑÑÒ£ жаÒÑмÑÑз ÓÑеÑÑне Ñап боладÑ

   2018 жылдың 9 айында Фармация комитеті аумақтық департаментінің фармацевтикалық қызметі 898 объектіге тексеру жүргізді, оның ішінде жоспардан тыс тексеру - 231. Соның нәтижесінде 260 құқықбұзушылық анықталды.

   «Үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін 2282 дәрілік заттың жағымсыз әсері жөнінде белгілі болды. Соның ішінде 77 факті бойынша мұның соңы ауыр жағдайға апарып соққан. Осыған байланысты 19 іс қаралып, 18 дәрі сатылымнан алынып тасталды», - деді ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

  Оның айтуынша, 9 ай ішінде комитеттің аумақтық филиалдарында дәрі-дәрмек дауына қатысты 102 әкімшілік іс қозғалып, шамамен 8 137 160 теңге сомаға айыппұл салынды. Бұдан басқа, анықталған кемшіліктер бойынша прокуратура органдарына - 15, әкімшілік сотқа - 6, ІІМ органдарына - 5, мемлекеттік кірістер департаментіне - 1, өңірлік денсаулық сақтау басқармасына - 9, қоғамдық денсаулықты қорғау департаментіне - 1 материал жіберілген.

   «Ең көп кемшілік дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау тәртібін орындамау, дәрі мен бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу, қамтамасыз ету, есепке алу қағидаларын бұзу, көтерме және бөлшектеп өткізу және жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды жою қағидаларын бұзу оқиғалары бойынша анықталды. Ел азаматтарының ең көп тіркелген жағымсыз әсері - пропофол мен кетамин дәрілері, бұлар наркоз кезінде қолданылады», - деді комитет басшысы.

  Айта кетсек, елімізде 2005 жылдан бастап медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың жағымсыз әсерлеріне мониторинг жүргізіліп отырады.  

06 желтоқсан 2018 ж. 822 2

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 08:50
Sildenafil Citrate 100mg Pills tadalafil cialis from india Medicinale Cialis Levitra Street Value Achat Cialis Inde

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 09:51
Cialis For Sale Canadian Using Outdated Amoxicillin generic viagra Prix Officiel Cialis Pharmacie