» » КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бүгінде республика бойынша тегін препараттардың 400-ден астам түрі бар. Он жыл бұрын дәрі-дәрмектердің атауы 2,5 есеге аз болған.

Министр Астанада өткен баспасөз мәслиxатында: "Біз жыл сайын тегін дәрілердің санатына жаңа препараттарды қосып отырамыз. Соңғы бес жылдың ішінде ондай дәрі алатын адамдардың саны 2,5 милионнан 3,5 миллионға дейін өсті. Әрине, осы салаға бөлінетін қаржының көлемі де артып отыр. Өкінішке қарай, мемлекет бекіткен тізім бойынша барлық дәрілер сатып алынбайды. Себебі жергілікті бюджеттерде ақша тапшы. Сосын тегін дәрілерді сатып алу мерзімі де, бағасы да әртүрлі болды", - деді.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы қабылданған заң аясында тегін дәрі-дәрмекті сатып алу шаралары бірыңғай жүйе бойынша жүргізіле бастады. Ағымдағы жылда барлық мемлекеттік сатып алулар ашық өтті. Соның нәтижесінде біраз ақша үнемделді.
"Ол ақшаны бір қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсаймыз. Себебі аймақтардан тағы тапсырыстар түсіп жатыр. Биыл 34 млрд теңге жетпей қалды. Үнемделген ақша соған жіберілді. Сондықтан жылдың аяғына дейін барлық препараттар толық көлемде сатып алынады. Әрине, созылмалы ауруы бар науқастардың барлығын бірыңғай базаға қосқан маңызды. Рецептер де электронды түрде берілгені жөн. Сонда біз нақты сұранысты көре аламыз. Осы айда біз 2019 жылға арналған препараттарды сатып алуды бастаймыз. Демек, жылдың аяғына дейін тегін дәрі-дәрмектің бәрі емxаналар мен дәріxаналарға жеткізілетін болады", - деп атап көрсетті Е.Біртанов.
13 шілде 2018 ж. 982 2

Гость Jeahulalf от 27 ақпан 2019 05:27
Fluoxetine Panic Attacks Cialis En Internet Cialis Viagra Overnight Delivery http://allngos.com Viagra Kamagra Gut Tadalafil Cialis Y Alcohol

Гость Jeahulalf от 15 наурыз 2019 15:49
What Is Keflex Used To Treat Viagra Online No Precription Le Viagra Pour Les Jeunes levitra mal de tete Achat Cytotec En Ligne Propecia Necesita Receta