№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІЛІМ – БАСТЫ БАҒДАР

БІЛІМ – БАСТЫ БАҒДАР


Кез келген елдің білім беру жүйесі шешуі тиіс екі міндет бар. Біріншісі, білім берудің сапасын қамтамасыз ету. Екіншісі, білімді баршаға қол жетімді ету. Сонда ғана сапалы адами капитал қалыптасады. Осындай міндет-талапты сапалы орындауда өзіндік үлесі бар №3 мектеп-интернатының өнеге өрімі өзгеше.
1961 жылы малшы балаларына арналған мектеп-интернаты болып ашылды. 1995-жылы аудан әкімінің қаулысымен 8-11 сынып оқушылары үшін дарынды балалар мектеп-интернаты болып құрылды. 2003 жылы облыстық білім басқармасының бұйрығымен «№3 мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Білім ордасының әр жылдары жеткен жетістіктері үлкен еңбекке арқау болады. Дегенмен, ең маңыздыларына тоқтала кетсек...
2002-2003 оқу жылында «Республикадағы үздік 50 мектептің бірі» атанып, облыс бойынша бірінші орынды иеленді. 2004 жылдың желтоқсанында мектеп-интернатының 40 жылдық мерейтойы облыстық деңгейде өтті. 2004-2005 оқу жылының қорытындысы бойынша «Республикадағы үздік 32 мектептің бірі» атанып, облыста екінші тұғырдан көрінді. Сондай-ақ, сол жылы «Елдіктің биік тұғыры» номинациясын иеленіп, «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2004-2005 оқу жылында білім көрсеткіші бойынша облыста екінші, 2006-2007 орыннан оқу жылында бесінші орыннан көрінді. Аудандық «Үздік білім ордасы-2007», облыстық «Үздік мектеп-2007» номинациясының иегері. 2007-2008 және 2008-2009 оқу жылында ауданда бірінші орыннан көрінді. 2009 жылы «Үздік инновациялық мектеп» номинациясын алды.
Мұның бәрі заманауи педагогикалық технологияны оқытудың жаңаша мазмұнынын жетілдіру, әдістер мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етудің арқасында келген жетістіктер екені ақиқат.
Яғни, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауларында балаларды ерте жастан қабілет-қарымын ашуға, жаңа технологиялық білім мазмұнына жете көңіл бөлуге және жастар бойына заманауи дағды-әдеттерін дарыту талаптарын сәтті үйлестіруде.
Оны кейінгі үш жылдың ҰБТ көрсеткішінен-ақ бағамдауға болады. Мәселен, 2015-2016 оқу жылында ҰБТ қорытындысымен 92,5 балл, 2016- 2017 оқу жылы – 93,3 балл, 2017-2018 оқу жылы – 94,4 балға жетті. Әрине, мұндай жетістіктерге жетуде білім ордасының білікті де білімді мұғалімдерінің арқасы деуге болады.
Елбасы білікті маман – мемлекет дамуының негізгі ресурс екенін талай рет айтты. Мәселен, білім саласын дамыту, ұстаздардың біліктілігін арттыру жайы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында арқау болды.
Аталған маңызды құжатта көрсетілген бағыттарды мұғалімдердің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Оның үстіне, ондағы бірнеше қадам еліміздің білім саласын ілгерілетуге, оның ішінде, ұстаз мәртебесін көтеруге арналған.
Осы ретте, мектептің жүрегіне айналған ұстаздарымызбен мақтана аламыз. Әсіресе, білім мен тәрбие беру процесін жүргізіп отырған Г.Әлібекова мен Ғ.Бегентаева, М.Қалдыбаеваның орны ерекше. Сондай-ақ, Ү.Шахан С.Сүлейменова, А.Ақбаева, С.Зейдалиева, С.Орынханова, А.Зейдалиева, Д.Өтеев, Б.Ақмырзаева, Ә.Усенова, Г.Пернебекова, Қ.Шайхсламова, Н.Аманова, Ж.Абибуллаева, А.Жәнібекова, Г.Бутакулова, Қ.Айымбетов, А.Бекбергенов, Ә.Ерімбетова, Н.Исмайлов, Қ.Мырзашев, М.Баймаханова, С.Әбілхайыр, А.Өтеев, А.Намазова, М.Әбенұлы, Г.Мәденова және т.б. ұстаздардың еңбегін айту керек.
Егер сапалы білім бастауышта қалыптасады десек, С.Егембергенова, Б.Бөлекова, Г.Бакенжеева, Г.Искакова және Г.Махмуджанова ерекше атауымыз тиіс.
Әр бала үшін ұстаздың орны бөлек. Жақсы ұстаз – өмір бақшасының бағбаны. Олар тіршілікте білім мен парасаттың, ізгілік және әдептің дәнін себеді. Сондай тәжірибелі жандар Ж.Аблаева, Т.Зейнулова, Ә.Тілеуберген, Р.Саулебекова, Ж.Ильясова, Г.Есенбекова, Ш.Түлкібаева, А.Парманқұлованы атауға болады.
Өмірдің қыр-сырын білуге сан қилы құбылыстарды терең түсінуге негіз болып жан дүниеге нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінде орын ала бермек. Осындай ізденімпаз тәрбиешілер арасында Р.Баймағанбетова, Э.Мақұлбекова, С.Құлымбетова, Б.Біжікеева, С.Мұсаханова, Ә.Бидаулова, А.Жаманбаева, Ж.Нұртазаева, М.Мамырова, Б.Омарова, С.Саданова, Г.Ержанованы айтқан ләзім.
Жаңашылдық-шығармашылық қызметтің өнімі десек, кез-келген құбылысты пайдалану, инновациялық үрдісінде нәтижесі деп танитын Г.Сейдахметова, Ж.Омарова жастардың талғампаз болып өсуде қосқан үлесі елеулі. Г.Нұрманова, Ж.Телқожаева, А.Жинақбаева, Ш.Маханбетовалар сынды білікті мамандар да жауапкершілік жүгін арқалап келеді. .
Мектеп интернаттың жұмысы 6-7 сағаттық жұмыспен шектелмейді. Тәрбие процесі тоқтаусыз жүргізіледі. Яғни, ішкі тәртібі, өзіндік әдебі болады. Әсіресе, қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, сыпайылыққа, мәдениеттілік, ізеттілікке баулу маңызды.
Мектептің жаңашыл өмірімен, қоғаммен байланысын нығайту жолында қызмет ететіндер қатарында Ж.Тұрабаева, М.Қожатаева және Р.Дүйсенбаева, А.Алмасбаеваларды атау қажет.
«Тәрбие-қызықты, қиын, өнегелі, бала болашағына жол сілтейтін ғажайып жұмыс»,-деген ұлы ойшыл Әл-Фараби. Осы орайда «Туған жерге тағзым» әлеуметтік жобасы бойынша өлкеміздің тарихын тереңінен білу мақсатында аянбай жұмыс істейтін ұстаздар бар. Соның бірі – А.Бекбергенов.
Осындай дәстүрлі қалыптасқан, білікті педагогтары бар мектеп-интернат тың белесті қолға алды. Биыл тұңғыш рет Арасат Фейзулдаев атындағы облыстық пәндік олимпиада өтпек.
Ұстаздар пәндік олимпиадаларға шәкірт тәрбиелеу күнделікті бір ізді сабақ беруден құтылдырып, жаңа ізденіске жетелейді. Олай болса, пән олимпиадалары ұстаздардың деңгейін арттырып, ұстаздар қосынын сапаландыра түседі. Осындай өлшеммен өлшегенде Арасат Фейзулдаев атындағы облыстық пәндік олимпиада маңызды шара дегім келеді.
Бізді қолдап, демеу көрсеткен аудан әкімдігіне, аудандық білім бөліміне, ағайдың ұрпақтарына алғысым шексіз.
Білім – басты бағдар десек, оқушылардың білім сапасын арттыратын білім бәсекесі – пәндік олимпиада дәстүрлі жалғастығын табатынына сенімдімін.

Ләззат НӘЛІБАЕВА,
№3 мектеп-интернаттың директоры,
Ы.Алтынсарин атындағы
медалдің иегері.
20 қараша 2018 ж. 1 201 0