№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Агро секторға дем бермек

Агро секторға дем бермек

   Зауыт тынысы негізгі еңбек көзі саналатын Шалқия жастары егін шаруашылығына да бет бұра бастады. «Zhasprojekt» жобасы арқылы грант жеңіп алған Айымкүл Акбаева бастаған жастар кент аумағындағы құнарлы жерлерді игеру жұмысына белсенді кірісті. «Жердің сәні – егін, егін сәні – білім» деп аталатын жарқын жобасын жүзеге асыра бастаған шалқиялылықтардың шаруасы ширақ. Жобаның мақсаты мен тиімділігі қандай екенін білмекке топ жетекшісі Айымкүлді әңгімеге тарттық.
   – Жобаның мақсаты – жұмыссыз жастарды еңбекке тарта отырып, мүмкіндігі шектеулі, әрі көп балалы отбасыларға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға егін-жай өнімін тегін таратып беру. Яғни, ала жаздай еткен еңбектің жемісімен 50 отбасыны қамтамасыз ету, – деді Айымкүл Сейілбекқызы.
    Ізбасхан Әбілтанов менторлық ететін жастар биыл 1 гектар жерге картоп, сәбіз, жуа және басқа да бақша дақылдарын егіп күзде төкпей-шашпай теріп алды. 6 ай бойы тұрғындарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, аптасына екі рет мектеп оқушыларына дәріс беруді мақсат тұтқан оларға Ақдидар Бектайқызы жәрдемші болуда. Кеңесші-маман келешекте ауылшаруашылық мамандығын игеруге ниетті шәірттерге қосымша практикалық сабақ беріп келеді. Яғни, егін шаруасын ширатудың әдіс-тәсілін меңгертуде деуге негіз бар.
– Мемлекет басшысы Жолдауда айтқандай, ауылшаруашылық саласы ел экономикасының негізгі қайнар көзі саналады. Сондықтан, жастарды осы салаға бейімдеу арқылы отандық өнімнің өрісін кеңейтіп, шағын кәсіптің шырайын кіргізуге болады. Осы уақытқа дейін дәріс алушылардың саны артып келеді. Жастардан бөлек аға буын да сабақ үйренуге ниет білдіріп жатады, – деді жауапты сала маманы.
Иә, Жаңақорған халқы төрт түліктен де, егіннен де Сыр өңірінде көш басында келеді. Былтыр аудан үздік деген атқа лайық болса, биыл озат болып танылды. Мұның бәрі дала диқандарының ерен еңбектерінің жемісі. Оған мемлекеттен қолдау да беріліуде. Енді осы дәстүрлі жолды жалғауға жол түзеген шақиялылық жастардың ісіне көпшілік дән разы.
– Тағдырдың басқа салқан тауқыметіне мойымай, шүкірлікпен күнелтіп келеміз. Біз секілді жандарға қол ұшын созып, әлеуемттік жағынан демеу жасап жатқан жастарға дән разымыз. Олардың бұл істеріне әрқашан береке дарысын, – деді Ақнұр Алтыбаева.
Топ құрамында Жаңарыс Ізтай мен Сұлтан Уәлиханұлы қызмет ететін жастардың берекелі ісі ауылдастарына өнеге.
Иә, мемлекет жастардың ертеңі үшін кәсіпкерлік саласына көп мән беруде. Елбасы келер жылды «Жастар жылы» деп бекітті. Сондықтан, олардың бәсекеге қабылетті болуына қолдау көрсету керектігін баса айтты. Бұл ретте Сыр өңірі жүйелі жұмыс жасауда. Ендігі жерде креативті жастардың белсенділігі көріну тиіс. Сонда ғана Ұлт көшбасшысының озық отыздыққа ену жоспарын жүйелі орындаған болар едік.
Әлібек ТЕМІРБЕК.
14 қараша 2018 ж. 590 0