№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әбдісамат ӘБДІШ: – АҚШ: БИЗНЕСТІҢ ҚАТАҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АЛАҢЫ

Әбдісамат ӘБДІШ: – АҚШ: БИЗНЕСТІҢ ҚАТАҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АЛАҢЫ

Бүгінгі таңда АҚШ бизнес жүргізу үшін таптырмайтын ел. Америкадағы бизнес адал еңбек арқылы ақша табуды қалайтындар үшін тамаша мүмкіндік болып табылады. Ірі ішкі нарық, транспарентті құқықтық жүйе, мемлекеттік қолдау және шағын бизнесті насихаттау арқылы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейткен. Бір сөзбен айтқанда, АҚШ – кәсіпкерлер елі. Мұндағы шағын бизнес – жаңа жұмыс орындары мен инновацияның негізгі көзі ретінде бағаланады.

   Жұмыс орындарының 55 пайызы шағын және орта биз­несте қызмет етеді. Ал, тауарлар мен қызметтердің төрттен бірін экспортқа шығарады. Біріншіден, бизнесті тіркеудің жүйесі жеңіл. Банк несиелері бойынша пайыздар аз. Салықтар ағымдағы шығындары бар айналымнан емес, пайдадан төленеді. Ондағы мақсат – адам өзіне табыс әкелетін іспен айналысып, аяғынан тік тұруы тиіс. Содан кейін ғана оған салық салынды. Не десекте бұл ел – стартап бизнес-идеялардың туған отаны. Кіші кәсіп үшін танымал брендті бизнестердің генераторы. Статистикалық мәліметке жүгінсек, әрбір төртінші американдық отба­сының жеке кәсібі бар. Шағын бизнестің меншік түрінде 21 миллион ұйым тіркелген. Көптеген фирмалар инвестиция жұмсамайды – олардың бастапқы капиталы 1000 долларға жетеді. Кәсіпті пайда табу үшін емес, елім үшін не беремін деген ниетте бастайды. Сондай-ақ АҚШ пен ТМД елдерінің арасындағы қосарланған салық салудың қолайсыздығына қатысты келісімді қол жеткізілген. Ең төмен АҚШ салықтарын төлеген бизнесмен ТМД елдерінде салық төлеуден толық және ресми түрде босатылады. Оған қоса, Америкада өз ісін тіркеген компания иесі, егер ол осы елдің резиденті емес болса да, АҚШ-тан тыс кіріс салығын төлеуден босатылады. Хош. Әлгінде айттық, Құрама Штаттар жаһанға көптеген қызықты іскерлік идеялар берді. Жаңа стартаптарды жасаудан еш жалықпайды.
Ендігі кезекте, АҚШ-та танымал болған ең үздік 4 бизнес стартапты айтсақ. Бәлкім, біздің елде де жүзеге асыруға жарамды болар.
Әрине, ол үшін бизнес ноу-хоуды алмас бұрын, бұқа­раның қабылдау ерекшелігін зерттеген жөн.

АМЕРИКАДАҒЫ ҮЗДІК
4 БИЗНЕС

Бірінші, автокөліктерді жалға беру, жалға алу, туристік ұсыныстар. Яғни, автокөлікті айдап қана қоймай, оған саяхат ұйымдастыру. Мұнда тәуекелдерді азайту үшін сақтандыру компанияларымен серіктес болған дұрыс. Негізі бұл стартапты австралиялықтар ойлап тапқан. Алайда америкалықтардың ұтқырлығы бұл жобаның қарқынды дамуына алып келді. Стартап былай аталады: «Әлемге күніне 1 американдық долларға саяхаттаңыз!». Ондағы мақсат мынау: компания осы сомаға компания ұсынатын көлік құралын жалға алады. Дегенмен, компания бағытты анықтайды – сіз оны қатаң сақтауыңыз керек. Іс жүзінде автокөліктерді дистилляциялаумен жалдаушы жүргізушілер айналысады.

Ал, көлікті күтіп отырған иелері – тасы­мал­даушылардың қызметтері мен ақы төлейтін жүргізушілерге ақша жұмсайды. Бірқатар шек­теулерге қарамастан бизнестің бұл түрін қолданушы адамдар көп.
Екінші, сатушысы жоқ дүкендер. Автомат­тандырылған дүңгіршектерді іске қосқанда, міндетті түрде есіктер мен ішкі бөлмелеріне бейнебақылау орнатуы шарт. Бұл идеяны Googlе компаниясының бұрынғы қызметкерлері жүзеге асырған. Дүңгіршектер сауда автоматтары қағидаты негізінде жұмыс жасайды. Мұндай киоскіден тауар алу үшін арнайы несие картасы тіркелген мобильді қосымшаны жүктеп аласыз. Содан кейін, автоматты дүкен қолданысты растағаннан кейін ғана есігін ашады. Ал, ақылды бейнебақылау жүйесі тұтынушының қандай өнім алғанын барлығын біліп отырады. Инвесторлар тарапынан қызу қолдау тапқан бизнестің бұл түрі АҚШ нарығында 2018 жылдың ең үздік стартап жобасына айналған. Биылдың өзінде Лос-Анджелес пен Нью-Йорк қаласының өзінде мыңға жуық осындай дүкен ашылыпты.
Үшінші, Виртуалды жоба. Америкалық сарапшылардың пікірінше, 2025 жылға қарай бұл жобаның нарық айналымы 45 млрд долларды құрайды. Сондықтанда инвесторлар миллиондаған долларын осы жобаға салуда. Біздің айтқалы отырған бизнес-стартап Dreamscape Immersive деп аталады. Бұл виртуалды мультиплекстік желілік ойын түрі. Робототехника, лазерлік технология, басқа да жоғары технологиялық жетістіктерді қамтыған жобаға сұраныс жоғары. Жас буынды өзіне еліткен желілік ойынға смартфон болса болғаны. Қалғаны қиял-ғажайып әлемді шынайы болмысымен сандық технологияға негізделген көзілдірікпен көз алдыңа алып келеді. Виртуалды дулығаны басыңа киіп, Абылай ханның заманындағы жау шебіне шығып, жоңғарлармен қиян-кескі шабуылда батыр атануыңа болады. Жеделдетілген технологияның арқасында шаң-топырақта, шалшық суда, кескілескен қылыш дауысы да шынайы өмірден еш кем түспейді екен.
Төртінші, DelivAir – ұшатын шағын дрондар арқылы тауарды тапсырыс берушіге ұшқышсыз жеткізу қызметі. Бұл DelivAir бағдарламасы арқылы жұмыс жасайды. GPS координаттар арқылы клиенттің мекен-жайын жадыға енгізіледі. Тапсырыс беруші аспандағы ұшақты көргенде смартфон арқылы индикатор шамын қосады. Міне, осы сәтте әуедегі дрон кодты қабылдап, төменге қарай түседі. Айта кету керек, мұндай жүйе Қазақстанда келер жылдан бастап «Казпошта» қызметі пилоттық жоба ретінде іске қосқалы жатыр. Шалғай ауылдарға хат пен газет-журналдарды таратуға таптырмас жоба. Ұшқышсыз басқарылатын шағын әуе құрылғыларының құны да қомақты. Десе де, сүт пісірім уақытта тапсырыс берушіге қалаған тауарын қолына ұстатса, бұл жаһандану дәуіріндегі қолжетімділіктің арта түскенін айғақтайды.
Түйіндей айтқанда, америкалықтар таңқал­дыруды біледі. Әсіресе, қарапайым әлеуметке тигізер пайдасы мол жобалар жетерлік. Әрине, біз АҚШ-тағы ең үздік 10 бизнес түрін жазғымыз келген. Алайда одан да қызықты стартап жобаларын көріп, төртеумен тоқталғанды жөн көрдік. Дейтұрғанмен бірегей стартап жобаларды қаржыландыруда америкалықтар алдына жан салмайды. Себебі, қайтарымына көзі жеткесін, инвестицияны аямай құяды. Нәтижесінде жаңашыл бизнес түрі Құрама Штаттарға миллиондаған долларға сатылып, инвестордың қаржылық мүмкіндігін еселей түседі. Астын сызып тұрып, айта кетерлігі, біздің аудандағы дәулетті кәсіпкерлер де жастардың жаңашыл стартап жобаларын қаржыландыруға инвестиция құятын күн қашан болады екен...
13 қараша 2018 ж. 915 0