№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт офис инвесторлардың құқығын қорғау күзетінде

Қызылордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт офис инвесторлардың құқығын қорғау күзетінде

  Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт офис алаңында отандық инвесторлармен кездесу өткізіліп, инвесторлар құқығын қорғауға бағытталған «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы таныстырылды.
   Кездесуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Б. Байхожаев ашып, ол мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға тоқталып өтті.
Облыстық департаментің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б. Ізкенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жобаны таныстыра отырып, осы жоба аясында құрылған фронт офис бизнес субъектілерімен тығыз байланыс орнатуда үлкен көмек болуда.    
    «Қазіргі уақытта фронт офиске инвесторлар мен кәсіпкерлерден 12 өтініштер түсіп, оның 8-і өз шешімін тапса, қалған 4 –і қаралу үстінде. Түскен өтініштер қатарында кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіргені үшін жекеленген лауазымды тұлғалардың әрекетіне қатысты өтініштер бар» – деп атап өтті ол.
    «Мысалға, Арал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
А. Тасқынбаевқа қатысты шағым бар. Ол өзінінің заңсыз әрекетімен«Жолаушы А.Б. Сервис» ЖШС-не өз қызметін жүзеге асыруға кедергі келтірген. Аталған лауазымды тұлға серіктестікпен жасалған ауданішілік жолаушылар тасымалдау шарты бола тұра ішкі істер органдары арқылы автобекетке серіктестіктің көлік құралдарын кіргізбеуді сұраған. Осылай кәсіпкерлік субъектінің қызметіне ашық түрде бөгет келтірген. Сондай-ақ, Шиелі аудандық ауылшарушылығы бөлімінің басшысы М. Әшірбеков өзінің әрекетімен басқа кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу құқығын шектеген. Аталған тұлға жерге орналастыру қызметін сатып алуды жалпы конкурс негізінде өткізбей, бір көзден сатып алу тәсілімен «Госспецзем» ЖШС-нен шартқа отырған. Нәтижесінде басқа кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу құқығы шектелген. Осы мәселелер облыстық әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралып, кеңес шешімімен лауазымды тұлғалар «Атқарып отырған қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды» - деді ол.  
   Кездесу барысында отандық инвесторлар «Шалқия цинк», «GTL – Қазақстан» және «Сыр маржаны» серіктестіктерімен инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қойылды.  
08 қараша 2018 ж. 1 206 0