Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 048

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 078

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 892

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 391

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 600

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 590

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ЖЕДЕЛ ТОП 24 САҒАТ БОЙЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

ЖЕДЕЛ ТОП 24 САҒАТ БОЙЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ


Инвестициялық жобалар мен инвесторларды түрлі жемқорлық тәуекелдерінен қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген «Protecting Business and Investments» инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасыСыр елінде жүзеге асырылуда.
Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов облыс әкімі жанындағы «Инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі» өңірлік кеңес отырысында инвесторларды аталған жобамен кеңінен таныстырды.
А. Мұхимов өз сөзінде, жобаның басты мақсаты - инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында инвесторларды түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау және инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту екендігін айтып өтті.
Осы мақсатта инвестициялық жобаны жемқорлыққа қарсы сүйемелдейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңҚызылорда облысы бойынша департаменті мен Ұлттық бюро департаменті қызметкерлерінен тұратын жедел топ құрылған.
Жедел топ тәулігіне 24 сағат және 7 күн бойы жұмыс жасайды және «Қазахинвест» акционерлік қоғамының филиалындағы үйлестірушімен тікелей байланыста.
Осыған орай, шілде айында «Казахинвест» қоғамының Қызылорда филиалы мен огблыстық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жанынан инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу фронт офистің ашылуы жоспарлануда.
Фронт офисте инвестор мемлекетпен кепілдік етілген қолдау шараларын алумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерден қорғау шараларымен қамтылатын болады.
26 маусым 2018 ж. 799 0