Соңғы жаңалықтар

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» ҮЗДІК ЭССЕ: БАЙҚАУ БАС ЖҮЛДЕСІ КІМГЕ БҰЙЫРДЫ?

ҮЗДІК ЭССЕ: БАЙҚАУ БАС ЖҮЛДЕСІ КІМГЕ БҰЙЫРДЫ?


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық және ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында үздік эссе облыстық конкурсы өткізілді. 
          Іс-шара барысында аталған тақырып бойынша үздік жоба байқауының жеңімпаздары, яғни жемқорлықты алдын алу шараларына белсенді қатысып, өз үлестерін қосқан жоғары оқу орындарының және кәсіптік-техникалық және ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері марапатталды.
        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Үздік эссе» номинациясы бойынша I орын жеңімпазы «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Алдоңғар Әсел Мейрамбекқызы марапатталса, II орынды «Болашақ» университетінің студенті Айтмағанбет Дастан, III орынды Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің студенті Мырзатаева Жансая бағалық сыйлықтармен марапатталды.
         Аталған шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б. Байхожаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы мемлекеттік саясатының басымды бағыттарына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау шараларына тоқталды және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің зардаптарын түсіндіріп өтті.
          Сонымен қатар, «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1 курс студенті Дуйсембай Нурия Аманжолқызы өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы шығарған өлең жолдарын оқып берді.
---
02 сәуір 2018 ж. 2 157 0