№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бас бапкер Илья Ильиннің спорттағы мансабы жайлы айтты

Бас бапкер Илья Ильиннің спорттағы мансабы жайлы айтты

  Жарақатына байланысты Ашхабадтағы Әлем чемпионатына қатыса алмаған қазақстандық ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин үлкен спортпен қоштаса ма? ҚазАқпарат тілшісінің осы сұрағына ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников жауап берді.
«Иә, расымен де, Илья Ильин бұл стартқа - 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатыспайды. Оның ескі жарақаты сыр берді, сондықтан оған қандай да бір ауыр жүктемелерге тыйым салынған. Соған қарамастан, спортшы командамызды қолдау үшін Ашхабадқа келді», - деді Юрий Мельников.
Бас бапкердің айтуынша, Илья Ильин олимпиадалық лицензия үшін алдағы уақытта да сынға түсе алады. Мәселен, келесі жылдың сәуір айында Азия чемпионаты өтеді.
«Ол жарысқа Илья да қатыса алады», - дейді Юрий Мельников. Айта кетсек, бұқаралық ақпарат құралдары ауыр атлет Илья Ильиннің Түрікменстан астанасында өтетін 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатыспайтынын жазған еді.
«Шынын айтсам, ары қарайғы спорттық мансабымның өзі үлкен сұраққа айналып тұр», - деген еді Илья Ильин.
Еске салайық, бір ай бұрын биылғы Әлем чемпионатына қатысатын ҚР құрамасының құрамы жарияланған еді. Тізімде допингпен байланысты жағдайдан соң жарыстардан шеттетілген Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да бар болатын.
http://sport.inform.kz
31 қазан 2018 ж. 985 0