№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЧЕМПИОНАТ НӘТИЖЕСІ: БІР КҮМІС, БІР ҚОЛА

ЧЕМПИОНАТ НӘТИЖЕСІ: БІР КҮМІС, БІР ҚОЛА


Қостанай қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде жаңақорғандық қос саңлақ жеңіс тұғырынан көрінді. Тұңғыш рет аудан мерейін ауыл атлетикадан асырған Мейрамбек Әбдіқалық пен Қайсар Пернебекті жеңісімен құттықтап, алдағы жоспарын білген едік.
Шыны керек, Жаңақорғанда енді ғана еңсесі тіктеліп келе жатқан бұл спорттың болашағына үлкен үмітпен қараймыз. Облыстық сындарда олжалы оралатын жастар енді республикалық додаларда топ жаруға кірісті. Сонымен, ел біріншілігіне ауданнан төрт атлет аттанды. Жеңіл салмақта сынға түскен Қайсар жұлқа мен серпе көтерудің қорытындысы бойынша күміске қол созды.
– Иә, ел чемпионаты болғаннан кейін үлкен дайындықпен бардық. Дегенмен, алтынға бір табан жетпей қалсақта, жігеріміз жасымады. Өзімізге керекті нәтижеге қол жеткіздік, бұйыртса алда жоспарлар көп. Шәкіртер енді ғана бұл спорттың қыр-сырын меңгеріп жатыр, әлі талай биіктерден көрінеміз, – деді жаттықтырушы Аңсат Тұрсыматов. Берік Өтешовтан тәлім алатын Қайсардың облыстың бірнеше дүркін жеңімпазы деген атағы бар. Ол бұл додада 34 келіде өнер көрсетті.
Ал, келесі жүлдені еншімізге Мейрамбек салды. 69 келіде жарыс жолына шыққан ол жұлқа көтеруден – 105, серпе көтеруден 120 келіні еңсеріп, қолаға қол созды. Асылқожа Сағатов баптайтын Түгіскен спорт мектебінің спортшысының бұл алғашқы биігі емес. Ол былтыр оқушылар мен студенттер арасындағы ел спартакиадасында 56 келіде сынға түсіп, топ жарған болатын. Енді міне чемпионатта үшінші орынға жайғасты. Ол енді қазан айында Тараз қаласында өтетін 17 жасқа дейіні жастар арасындағы біріншілкте бағын сынайтын болады. Қожакенттің тумасы бала кезінен спортшы болуды армандапты. Тіпті, ауыр атлетикамен айналысуға өзі ниет танытып, биіктерді бағындыруға бел байлады, бұйыртса болашақта байрақты бәсекелерде де Мейрамбектің есімін естіп қалармыз.
Қорыта айтқанда, келешекте Сыр елінен шыққан Илья секілді олимп шыңын бағындырар жастар өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Ең бастысы, осы алған беттерінен қайтпай, еңбектене беруі тиіс.
10 шілде 2018 ж. 994 0