№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫ: БІР ЕР, БІР ӘЙЕЛ СПОРТШЫ ҒАНА БАРА АЛАДЫ

ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫ: БІР ЕР, БІР ӘЙЕЛ СПОРТШЫ ҒАНА БАРА АЛАДЫ


Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) үстінен Спорттық арбитраж сотына (CAS) шағым түсірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мәлім етті.
Қазақстан Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен Халықаралық олимпиада комитеті шығарған Токио олимпиадасына іріктеу ережесімен келіспейді.
Сәуірде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы "2008-2020 жылдары арасында 20-дан астам допинг ережесін бұзған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан қатарлы мемлекеттер Токио олимпиадасына тек бір ер және бір әйел спортшы апара алады" деген шешім шығарған. Бұл ережені Халықаралық олимпиада комитеті қолдаған болатын.
Бұл шешіммен Қазақстан келіспейді. CAS Қазақстанның арызын қашан қарайтынын нақты хабарланған жоқ.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2017 жылы күзде допинг ережесін бұзған Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Ресей, Қытай, Беларусь, Украина, Түркия қатарлы елдерді бір жылға жарыстардан шеттеткен. Аталған елдер 2017 жылы Анахаймде (АҚШ) өткен әлем чемпионатына қатысқан жоқ. Алдағы уақытта да, нақтырақ 2018 жылдың қазанына дейін ауыр атлетикадан өтетін барлық жарысқа қатыса алмайды.
13 маусым 2018 ж. 1 004 0