Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 81

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » LG өз блокчейн-платформасын іске қосты

LG өз блокчейн-платформасын іске қосты


Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – Ақпараттық технология саласында қызмет көрсететін LG корпорациясының еншілес компаниясы LG CNS, блокчейн негізінде өз қызметін бастады, деп хабарлайды Yonhap News Agency.

Басылым атап өткендей, платформа қаржылық, индустрия және коммуникация салалары үшін логистикалық блокчейн-сервис ретінде жасалған. Monachain жүйесінде сандық түпнұсқалық растама жүйесі, өз цифрлық валютасы және жеткізу тізбектерін басқару құралдары бар.
Сонымен қатар, платформа жеке деректерді тексеруге және смарт құрылғылар арқылы төлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін таратылған сәйкестендірудің (DID) жаңа түрін қолданады.
Сондай-ақ, Monachain пайдаланушылары цифрлық әмиянды тіркеп, қаржылық операцияларды жүргізе алады. Қазіргі уақытта LG CNS өздерінің цифрлы валютасының аудиториясын арттыру үшін жергілікті банктермен келіссөздер жүргізуде.
«Сонымен қатар, Monachain компаниялардың өнімділігін арттыра алады, себебі ол бүкіл өндіріс процесінің тиімділігін арттыратын цифрлық жеткізу тізбегін басқару жүйесін ұсынады», – деді LG CNS өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың шілде айында LG CNS компаниясы R3 блокбастерлік консорциумы әзірлеген «Corda» қаржылық алаңын сынақтан өткізгені белгілі болды.
14 мамыр 2018 ж. 945 0