№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Цифрландыру: қызмет сапасын арттырады

Цифрландыру: қызмет сапасын арттырады


Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында табысты өткен екі жаңғырудан кейін, алға батыл қадам жасап, Үшінші жаңғыруды бастау керектігін атап өтті. Бұл жаңғыру экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізді. Осы тұста ең маңыздысы – бірінші басымдық ретінде жеделдетілген технологиялық жаңғырту екенін айрықша тоқталды. Яғни, Елбасы цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияны өркендету – бұл маңызды кешенді міндет деді. Әсіресе, Қазақстанда бірқатар саланы өрістету керектігін айта келе, электронды құжат айналымын дамытуға тапсырма берді.
Бұл бағытта жыл басынан бастап, ел тұрғындары үшін тиімді қызмет түрі қосылған болатын. Яғни, «Баланың тууы» қызметінің белсенді форматта іске қосылғанының арқасында баланың тууын тіркеу, ЖСН мен куәлігін алу, балабақша кезегіне қою перзентханада жатқан нәрестенің анасына телефоннан SMS-хабарламаны жіберу арқылы қолжетімді болды. Осы қызмет түрі іске қосылғаннан бастап, Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай немесе eGov.kz порталына кірмей-ақ Қазақстан бойынша 65 374 жас ана смс-хабарлама арқылы қажетті құжатына қол жеткізген. Тиімді тетіктің қалай жүзеге асатынын білмек мақсатта аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарын сөзге тарттық.
Бірінші кезекте, нәресте дүниеге келген сәттен кейін перзентханада Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің электрондық базасына туу туралы факт енгізіледі екен.
– Мұнан кейін eGov.kz жеке кабинетінде мобильдік телефон нөмірі ЖСН-не бекітілген ата-анаға автоматты түрде құттықтау SMS-хабарламасы жіберіледі. Әрі баланың туылуын тіркеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін алу ұсынылады. Ата-ана SMS-хабарламаға жауап ретінде баланың толық аты-жөнін жібереді және дайын туу туралы куәлікті қай жерден алуға болатыны жөнінде мекен-жай көрсетілген хабарлама алады. Сондай-ақ SMS арқылы шот нөмірін сұрайды және бір уақытта жәрдемақы тағайындау үшін өтініш автоматты түрде рәсімделеді. Оған қоса, SMS-жауаптар жіберу кезінде баланы балабақша кезегіне рәсімдеуге болады, – дейді аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Жанна Тәжібаева.
Ақпарат ретінде айта кету керек, 2017 жылғы 29 желтоқсаннан, 2018 жылғы 31 мамыр аралығында белсенді тәсілімен баланың туылуын тіркеуге 36 826 өтініш, жәрдемақы тағайындауға 8208 өтінім, баланы балабақша кезегіне қоюға 11 809 өтінім жіберілген. Ал, Жаңақорған ауданы бойынша ағымдағы жылдың 5 айында 4548 анықтама берілсе, 593 SMS-хабарлама арқылы туу туралы куәлік, балабақшаға тіркеу, жәрдемақы тағайындау жөнінде қызметті пайдаланған.
– Сондай-ақ Мобильдік үкіметте тіркелген ҚР азаматтары мобильді қосымшаны пайдалана алады. Яғни, egov.kz қосымшасы мол мүмкіндіктер мекені деп атауға болады. Себебі, кабинеттерде кезекке тұрғаннан гөрі, үйде отырып көптеген операцияны жүзеге асыра аласыз. Қосымшадағы «Қолжетімді қызметтер» деген тарауында: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезек нөмерін көруге, балабақшаға кезек нөмерін қарауға, кезекті онлайн брондауға, салық қарызын не тексеру сынды тағысын тағы қызмет түрі қолжетімді, – деді Жанна Тәжібаева.
Оған қоса, жеке кабинет тауарларының толық құрамын қарау үшін смартфон жадына ауыстырылатын пайдаланушының электрондық қолтаңбасы бойынша кіруді жүзеге асыру қажет. Мобильдік қосымшада 80-нен астам әрі түрлі сервистер ұсынылған. Мысалы, некені тіркеу туралы анықтама беру, туу туралы анықтама беру, мекен-жай туралы анықтамасын беру, дәрігердің қабылдауына жазылуға болады. Түптеп келгенде, Елбасы Жолдауынан туындаған басым бағыттың бірі – сандық технологияны жетілдіру елімізде қарқынды жүргізілуде. Тек, тұрғындар тарапынан интернетті игілігіне икемдеп, уақыт тиімділігін түсінсе игі.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
15 маусым 2018 ж. 1 162 0