№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес – негізгі ұстаным

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – негізгі ұстаным


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде, оның алдын алуда қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлық - еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси-қоғамдық институттарына кері әсер ететіндерт.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13 қадамында және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдығында, сонымен қатар,биылғы 5 қазандағы«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының төртінші басымдығында да сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты тоқталған.
Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөзді білдіреді.
Биыл ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жеті жыл болады екен. Өткенімізге көз салсақ, Елбасы - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Елбасымыздың Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардыңалдын алу бағытында конференциялар, форумдар,дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер, мәдени-көпшілік шаралар, акциялар, қоғамдық қабылаулар, БАҚ-тардажарияланымдар,түрлі саланың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаужұмыстары өткізілуде.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын түсіндіру бағытында облыс бойынша жыл басынан бері 3795 іс-шара ұйымдастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артып отыр.
Сонымен қатар, биылдан бастап «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы іске қосылды.Жобаның мақсаты – жалпы қоғамды құқықбұзушылықты бірлесіп жоюға шақыру және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.
Қазіргі таңда азаматтардың басым көпшілігі әлеуметтік желілер мен смартфондар арқылы түрлі мессенджерлерді қолданады. Осыны ескере отырып, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін аймағымыздағы танымал «Facebook», «Instagram», «ВКонтакте» әлеуметтік желілері мен «Whatsapp», «Телеграм» мессенджерлерінтиімді пайдаланудамыз. Сонымен қатар, колл-орталығы телефоны да жұмыс жасауда. Біз осы мүмкіндіктерді пайдалану арқылы халықпен кедергісіз кері байланыс орнатылды.
Қоғамдық бақылау картасы іске қосылғалы 152 өтініш түсті. Өтініштерді саралайтын болсақ: жол құрылысы мен әлеуметік объектілердің сапасына қатысты - 30, әлеуметтік қолдау бойынша -21,тұрғын үй мәселесіне - 16, мемлекетік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалардың әрекетіне қатысты- 15, медицина саласына - 13, коммуналдық шаруашылық мәселесіне - 13, жер мәселесі бойынша - 12, мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты - 12,білім саласына - 11, қоғамдық көліктерге қатысты- 9 өтініш берілген. Барлық өтініштердің бағыттарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді.
Биылғы жылдан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытындағы Арнайы мониторингтік топтар барлық аудандардақұрылды. Топтардың құрамына жергілікті жерде беделді және белсенді азаматтар енгізілген. Аталған мониторингтік топтар аудандар мен ауылдық округтердегіәлеуметтік нысандардың, автомобиль жолдарының және басқа да құрылыс жұмыстарының барысын, сапасын бақылай алады.
Біздің ел әлемдегі ең дамыған 30 елдің бірі болуға ұмтылады. Осы мақсатқа жетудің бір көрсеткіші - ол жемқорлық құбылысын жою болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу қажет.
А. Сәлімжан,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменінің бас маманы.
19 қазан 2018 ж. 1 734 0