№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жолдары


Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасынаэтимологиялық қарау мұны  «параға сатып алу», «пара» ретінде,  «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайды. Парақорлықтың алдын алу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. 
Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көрсетіп берді. Сыбайлас жемқорлыққа өз уақытында қолдан келгенше тосқауыл койылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана бүкіл халықтың сенімінен шығатынымыз ақиқат. Президент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті. 
         Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиаресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күресттің қуатты құралына айналуға тиіс.
         Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін іс-әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындағы  тәлім-тәрбиесі дұрыс болғаны абзал. Өйткені тәрбие отбасынан басталады емес пе?! Сол отбасында әділдіктің, шындықтың бар екенін естіп оскен әрбір ұрпақ ел дамуыныңұйытқысы болатын нағыз азаматы болары хақ. Сондықтан әрбір отбасы осындай ұрпақ өсіріп отырғанын әсте естен шығармай ұмытпауы тиіс.   
Жаңақорған аудандық соты                                                   М.Ә.Дәріқұлов
19 қаңтар 2018 ж. 5 368 0