№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЖОЛТАЙ ЖҰМАТТЫ ҚҰРМЕТ БИІГІНЕ КӨТЕРДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЖОЛТАЙ ЖҰМАТТЫ ҚҰРМЕТ БИІГІНЕ КӨТЕРДІ


Түркістанның тұлғалары жөнінде екі кітап жазған Жолтай Әлмашұлының құрметіне арналған жиынға туған жердің тарихына бей-жай қарамайтын зиялы қауым өкілдері жиналды.
Жиынды ашқан қала әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков жазушының ширек ғасырдағы шығармашылығына тоқтала келіп:
– Жолтай Жұмат Түркістан қаласында кіндік қаны тамбаса да туындылары арқылы Түркістанның төл перзентіне айналды. Оның қаламынан Қазақ хандығының үш дәуірінің куәсі болған, Қожа Ахмет Ясауидің мәңгілік тұрағына айналған Түркістан мен оның тарихи тұлғары туралы тұғырлы дүниелер туды.
Бұл кітаптар Түркістанның өткен тарихынан хабар беріп және мемлекеттілік мүдде жолындағы маңызды еңбектер санатына қосылады. Әрине, мұның бәрі автордың еңбекқорлығы мен ізденісінің арқасында мүмкін болды.
Жазушының еңбектері Түркістандықпын дейтін әрбір азаматқа рухани жолбасшысына айналды. Қаламгердің осындай еңбектерін ескеріп «Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды, – деді.
Мұнан кейін Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Қаппар Сәрсенбаев сөз алып: «Қаламгердің қаламынан туған «Қызыр қонған Түркістан», «Қасиетті мекендегі қала», «Ахмед Ясауи қаласы», «Әзірет Сұлтан аңызы» және т.б. кітабы тікелей біздің қалаға қатысты. Міне, жазушының осындай құнды еңбектерін біздің депутаттар дұрыс қабылдап, құрмет биігіне шығаруды қолдады, – деп мәслихат шешімін жария етті.
Одан кейін қос басшы жазушының төсіне «Құрметті азамат» белгісін қадап, иығына шапан жапты. Шара барысында Түркістан қаласы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Ғ.Мұратбаев атындағы қазақ-өзбек мектебінің директоры Ораз Әміреев, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» Алшынбай Тұртанов жазушыны құттықтап, ізгі тілектерін арнады.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
13 қазан 2018 ж. 1 508 0