№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тарихы терең Түркістанның маңызды мекендері

Тарихы терең Түркістанның маңызды мекендері


1500 жылдық тарихы бар көне қала Түркістан – Орта Азиядағы мұсылмандардың қастерлі мекендерінің бірі. Ақсақ Темір салған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – туристер іздеп келетін тарихи орын. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығы мәртебесін берген киелі жер туралы Today.kz айтады. 

Қаланың қатпарлы тарихы біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдан басталады. Ясы мен Шауғар атты екі қала бірігіп, кейін Ясыдан Түркістан құрылған, ал Шауғар біртіндеп жоғалып кеткен. Қала XII ғасырда Ұлы жібек жолы бойымен саудагерлер қатынаған тұста гүлденді. Татар-монғол шапқыншылығынан тұралап қалса да, қайтып бой көтеріп ірі саяси және экономикалық орталыққа айналды. 
Түркістанда аты аңызға айналған Қожа Ахмет Яссауи туған, ғұлама о дүниеге аттанғае соң, қала мұсылмандар үшін қастерлі мекенге айналды. 
Түркістанға үш рет келу Орта Азия мұсылмандары үшін Меккеге қажылыққа барғанмен бірдей 
Түркістанға қалай келуге болады
Түркістанға Шымкент жақын. Шымкентке дейін ұшақпен  келіп, әрі қарай автобус немесе таксимен үш сағаттың ішінде жетуге болады. 
Қазақстанның ірі қалаларынан Түркістанға дейін тіке пойызбен келуге мүмкіндік бар. 
Түркістанның маңызды жерлері 
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – Түркістанның ең маңызды жері. Ақсақ Темір негізін қалаған ғимарат Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді мекен. Оның ені– 46,5 метр, ұзындығы – 62,5 метр. Жалпы алғанда 36 бөлмесі бар. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің есігінен аттаған адамның көзіне алғаш түсетін зат – қазандық бөлмесінің қақ ортасындағы қасиетті Тайқазан. Ақсақ Темір тапсырысымен бұл қазан Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Салмағы екі тонна, сыйымдылығы үш мың литр. 
Арыстан баб кесенесі 
Түркістандағы тағы бір маңызды мекен – Арыстан баб кесенесі. Аңызға сүйенсек, Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа ілімін тастап кеткен, ал Арыстан баб ол ілімді Яссауидің бойына сіңірген. Бұл жерден Қасиетті Құран Кәрім кітабының әйнек артындағы үлгісін көруге болады. 
Ақсақ Темір Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салып бастағанда, ғимарат құлай берген. Ақсақ Темір алдымен Арыстан бабқа кесене салу керектігін түс көріп білген деседі. Сосын барып Қожа Ахмет Яссауиге кесене тұрғыза берсе болады екен. Ақсақ Темір дәл солай жасаған. Сондықтан осында келушілер алдымен Арыстан бабқа, кейін Қожа Ахмет Яссауиге тәу етеді.
Түркістанның тарихи орталығында басқа да ескерткіштер жетерлік. 
Түркістанның табиғаты көз тартарлық көркем. Отырар ойпаты Түркістаннан 60 километр жерде орналасқан. Ол жерде 9-12 ғасырларда Ұлы жібек жолының ең маңызды қалаларының бірі Отырар орналасқан. Қазіргі таңда бұл жерден қаланың қалдығын көруге болады. 
21 маусым 2018 ж. 3 049 0