№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Рухани жаңғыру – ұлт болашағы

Рухани жаңғыру – ұлт болашағы


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қамтылған ұлттық сананы жаңғырту, қазақстандық дербес өрлеу үлгісін қалыптастыру, нақтылап айтқанда, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақы рухымызды жаңғырту, жас ұрпақ бойына елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру талабын өнер тілінде насихаттауды ұйғарған Сунақата ауылдық әкімдігі және ауылдық клуб шығармашылық ұжымының бастамасымен жыл көлемінде округтегі барлық мекеме-ұжымдарды қамтитын «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» деген тақырыпта байқау өткізу жоспарланыпты. Қорытындыда үздік танылғанға Бас жүлде де әзірленіп қойыпты.
Байқау беташарын Сунақата ауылындағы №194 орта мектеп өнерпаздары ашты. Біз де шараға әділқазы ретінде қатысып, алған көл-көсір әсерімізді бөлісуді ұйғардық.
«Өнер-тәрбие атаулының ішіндегі ең құдыреттісі» деген ұғымның шынайылығына осы күн терең тәнті бола түскендейміз. Концерттік бағдарлама бастан-аяқ рухани жаңғырудың өзегі – өнегелі өсиетке, биік рухты ән мен жырға, жекелеген таланттардың шығармашылық әлеуетін танытуға бағытталды. Мектеп оркестрінің орындауында «Келіншек» күйі, Глинканың «Полькасы» ауыл мектебінің өнерпаздарын кәсіби тұғырдан танытты.
Мектеп-тәрбие тіні. Ал мектептің жүрегі – ұстаздар. Олар келешек буынды кемел азамат етіп тәрбиелеуде қалай тер төксе өздері де бәсекелестікке сай маман ретінде қалыптасуға қажырлы жұмыс жасап келеді. Осыны айғақтайтын «Шеберлік сәті» шоуы қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі Шолпан Қансейітованың суырып салма ақындығын, Кәрімберді Рүстемнің талантты суретші екендігін, К.Искендирова мен К.Жәнібекованың он саусағынан өнер тамған іскерліктерін көпке тәнті етті.
Тарихы тереңде жатқан киелі Сығынақты жырға қосқан ұстаз Амангелді Қансейітовтың «Сығанақ» әні жүрегіміздің төрінен орын алды.
Рухты ел ешкімге бас имейді, бабалар аманатын адал ұстанып, еңселі ертеңге бағыт түзейді. Осындай ұстанымы бар қазақ елінің ұраны қандай болу керек? Қазақтың ғажаптығын тап басып тауып, сипаттар формуласы бар ма? Келесі кезекте сахна төрін «Қазақтың формуласы» әдеби-композициялық қойылымы ажарландырды.
Өзін қор санап, өзгені зор санау сынды құлдық психологияның шырмауында жүрген шалағай ойлы жастарымыздың өзге тілде ән шырқап, би билеуді мәртебе көретін дағдысымен телеэкранды, үлкен сахналарды жаулап алып, бұты салбыраған шалбар киіп, ұлттық жігерімізді құм қылып жататынынан зәразап болған басымыз ауыл жастарының қазақы рухты жалындатқан жасын өнеріне жанымыз жадырап бір жасап қалғандай болдық.
Сырлы Сығанақтың дарындары, өнерлілері баршылық екен. Жас маман Таңшолпан Нұрғалиқызының орындауында «Қазақстан» жыр жолдары, Шоқан мен Ғабиттің орындауында «Бауырым» әні, Таңшолпанның орындауында «Көзіңнің мөлдірін-ай», Жаннаның орындауында «Ерке сылқым» күйі, жастар биі – флешмоб, «Мен қазақпын» хоры көрерменніңі жүрегіне жетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық. Дегенмен салт-дәстүрді аяқасты еткендіктен, құрдымға құлап, өз өмірін құнсыздандырып жүретіндер бар. Гүлжайна Ұлықбекқызының «Жетімдер монологы» соны суреттеді.
Тұтас қоғамның және әрбір жастың санасын жаңғыртудың бір бағыты-прагматизм. Өмір шындығын өткір әзілмен көркемдеген көрініс – Шыман апаның «Келін болсаң инабатты» әнін орындаған өнерпаздар бейнеклипінен нағыз әртістік таланттың ұшқынын танығандай болдық. Бір қызығарлығы, ауылдық жас мамандары – жаңа түскен келіндеріміз сахна төрінде де әдебін сақтап, әдемі жарасатын ақ орамалымен көпті сүйсіндірді. Бұл да болса қанша жыл елдің билігінде болса да ақ жаулығын тастамай, үлкенге иіліп сәлем беруден танбаған әкім Әзиядан жалғасқан әдептің нышаны болар деп іштей сүйсініп қалдық.
Мамыр айының аяғына таман осы тақырыпта байқау жалғасын таппақ. Біз ол өнер сайысын да өздеріңізбен бөлісетін боламыз.

Баян ҚАЛҚОЖАЕВА.
15 мамыр 2018 ж. 1 459 0