Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жаңғыру – ұлт болашағы

Жаңғыру – ұлт болашағы


«Өткенге қарап, ертеңіңді түзе» деген өсиет бар, себебі өткеннің өнегесі – ертеңнің баға жетпес байлығы. Осыны жадында тұтқан ұрпақ тарихтан тағылым алуға ұмтылуы керек.
Ұлттық жаңғыру – ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Сунақата ауылдық округі әкімшілігі, клуб басшылығымен бірлесіп, елді мекендегі мекемелер арасында «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» тақырыбында сайыс өткізуді жоспарлаған еді. Дүйсенбі күні сайыс алаңында №242 «Сығанақ» негізгі мектебінің ұжымы сынға түсті.
Отан – отбасынан басталады. Рухани жаңғыруға ұмтылған қазақ елінің әрбір шаңырағы ұлттық құндылықтардың қазығына айналып, қадір-қасиетімізді ұлықтай білгенде бағымыз басқа елдерден басым тұрары кәміл. Осыны айшықты сахналауға ұмтылған ұжым ұлттық тұрғыда безендірілген қазақы жасау-жабдық, үй әбзелдерін көркемдеп, отбасы өмірінен көрініс тарту етті. Сахна төріне жайғасқан қос қария концерттік бағдарламаны бастан-аяқ мәреге жеткізді.
Бір сарында әңгіме айтуға, аңыз-әпсана, хисса жыр дастан оқуға болады. Бұған теледидарда үлкен экранда мүмкіндік мол. Ал театр талаптары бөлек. Көрермен алдында кең көсілу көпті жалықтыруы мүмкін. Өйткені бұл сахна. Сахнаның өз жанрларын кезекпе-кезек жарқыратып көрермен назарын қалғытпауға тырысқан ұтады дер едік.
Бағдарламаның көркін ашқан ұлттық киім киген жігіттердің ұлы даланың ұрпаққа арнаған өсиетін өрнектеген өлең жолдары мен «Сығанақ» әні тарихты қайта тірілткендей болды. «Өнерлі шаңырақта» түлеп ұшқан Ержігітова Шынардың орындауында «Туған ел», Қалдыбек Әдемі шырқаған «Сыр елі» әні тыңдармандардың атамекенге деген перзенттік махаббатын тербеді.
Ақжарқын Кемелбекова «Сырдарья», Бижан Тұрғанбекова «Астана» әнін орындады.
Сайыста ұстаз Ұлбосын Түкібаева ерекше көзге түсті. Ол сахнада өзі айтыс ақыны, өзі термеші, өзі вокалист болып кезекпе-кезек өнерін тарту етіп, талайды тамсандырды. Сол сияқты рухани шараға әр берген жігіттердің «Қара жорғасы», биші қыздарымыздың ақшағаладай көріктерімен көз арбаған сұлу қимыл көріністері көтеріңкі көңіл күйге бөледі.
Шараны қорытындылаған мектеп директоры Болат Ерімбетов «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атаның айтқанындай, бар қабілет-қарымын сарқа жұмсап, көрерменге эстетикалық, рухани кеш сыйлаған мектептің педагогикалық ұжымына алғысын білдірді. Бес саусақтың саласындай ортақ намыс үшін бас біріктіріп, бағдарлы биікті бағындырған ұстаздарға әруақытта осындай ауызбіршілікте болып, елдің алдынан табылуына тілектестігін білдірді.
Баян Алаудинқызы.
15 маусым 2018 ж. 951 0

Ұқсас жаңалықтар: