№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Білікті маман


«Жаңақорған шипажайы» акционерлік қоғамының аумағынан 1984 жылы минералды су анықталып, оның құрамы медициналық тұрғыда зерттелген еді. Нәтижесінде, судың құрамында микроэлементтердің көптеп кездесетіні дәлелденді. Нақтырақ айтқанда, минералды су құрамында сульфат, хлорид иондары, калций, натрий, бром, фтор, йод микроэлементтері бар екен. Олардың жиынтығы адам ағзасы үшін аса маңызды, асқазан, ішек, өт жолдары жұмыстарының қалпына келтіруге көмектеседі. Ал, бұл судың артықшылығын адам үшін ұтымды пайдалану жолында түрлі медициналық аппараттар бар. Осыны ескерген, шипажай басшылығы заманауи аппараттарды алдырып, оны арнайы мамандар игілікке асырып жүр.
Бүгінде шипажайда асқазан-ішек жолдарын жуу бөлімі жұмыс жасайды. Бөлім жапондық «Pentax PG-29N» аппаратымен жабдықталған. Ал, осы заман талабына сай аппараттың тілін білетін білікті дәрігер Аян Мырзаханов өз ісінің маманы. Күніне онға жуық адамды қабылдайтын дәрігердің жауапкершілік жүгі ауыр. Өйткені, қазіргі уақытта осы аппараттың көмегіне жүгінетін ем алушылардың қарасы көп.
– Минералды су адам организміндегі биохимиялық және физиологиялық процестің қалпына түсуіне көмектесіп, ағзада магний жетіспеушілігінің алдын алады. Шипалы суды гастриттің барлық түрлеріне, бауыр, өт жолдары ауруларына, созылмалы бүйрек аурулары, созылмалы цистит, зат алмасу процестері бұзылғанда, буын аурулары мен йод жетіспеушіліктің алдын алу мақсатында пайдалануға болады. Сонымен қатар, ол экологиялық зиянды аймақтарда жұмыс жасайтын кісілердің организмінен зиянды уыттарды шығаруға көмектеседі, – дейді Аян Мырзаханов.
Дәрігердің айтуынша, гастро­энтерологиялық бөлімде асқазан мен өт жолдарын, ішек жолдарын голландиялық «Мендреймен» аппаратымен жуады. Мәселен, он күнге ем алуға келген адам арнайы тексеруден өткен соң, дәрігердің тағайындауымен ішкі организмдерін 3-4 рет жуғызуға мүмкіндігі бар.
– Емделуші толық тексеруден өткеннен кейін, терапевт дәрігердерлің жолдауымен бізге келеді. Оларды алдымен жапондық аппаратпен тексеремін. Егер асқазан-ішек жолдары тазалауды талап етсе, ол кезде минералды сумен және арнайы ертінділермен жуылады, – дейді дәрігер.
Заман талабына сай, медициналық заманауи аппараттардың тілін меңгерген Аян Мұхтарұлы Шалқия кентінің тумасы. Ол Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «хирург» мамандығын оқыған. Кейіннен Қырғызстан республикасының «Халықаралық Қырғыз жетілдіру» университетінің интернатурасында білімін жетілдіреді. Жұмыс өтілін аудандық орталық аурухананың хирургия бөлімінде бастаған ол қайнаған жұмыс орнында шыңдалады. Ал, 2016 жылы біліктілігін арттырып Алматы қаласында «фиброгастродуоденаскопист» мамандығын алып, «Жаңақорған» шипажайы АҚ-ның асқазан-ішек жолдарын жуу бөлімінің дәрігері болып жұмысқа орналасады.

Түйін. Дәрігерлік мамандықтың бірнеше саласын қатар алып жүрген Аян Мырзахановтың еңбегі өлшеусіз. Оны дәрігердің тығыз жұмыс кестесі мен алдынан алғысын жаудырып шыққан емделушілердің әңгімесінен аңғардық.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
08 қыркүйек 2018 ж. 1 447 0