№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

БІЛІКТІ МАМАН


Теріскеннің қасиетті қара батпағынан ем алып, шипасына дауа іздеген жандардың киелі мекенге айтар алғысы шексіз. Әсіресе, ондағы дәрігерлердің қызметін жоғары бағалайтыны көңіл қуантады.
Бүгінде «Жаңақорған шипажайы» АҚ алыс-жақын шет елдерге атағы жайылған, шипажайлар арасында өзіндік беделі бар сауықтыру орны. Ондағы білікті мамандардың халыққа көрсеткен қалтқысыз еңбегі бір төбе. Олардың қатарында осы мекеменің кардиолог дәрігері Мейіржан Айдаров та бар.
Жастайынан адам жанының жанашыры болуды мақсат тұтып өскен Мейіржанның уақыт өте мақсаты орындалып, бүгінде беделді дәрігерге айналды. Ол алдына келген әр науқасты қарап, оның сауығу жолында жасаған жұмысын азаматтық борышым деп біледі.
– Ақ халат кию бір бөлек, ал, оның жауапкершілігін көтеру бір бөлек дүние. Алдыңа дертіне дауа іздеп келген адамды қабылдап, оның көңіл-күйін бағып, мүмкіндігінше сауығып кету үшін аянбай еңбек етеміз. Бастысы – емделушінің ыстық ықыласы мен берер алғысы маңызды, – дейді Мейіржан Әбдіәшімұлы.
Иә, қызметін адамдық борышы санайтын Мейіржан алдымен Түркістан медициналық колледжін қызыл дипломмен бітірген. Одан кейін Қожа Ахмет Яссауй атындағы қазақ-түрік университетінің медицина факультетінің «емдеу ісі» мамандығында білімін жетілдіреді. Медицинаның интернетурасында оқып жүрген уақытында Шымкент қаласындағы Сайрам медициналық колледжінде дәріс оқып, еңбек өтілін бала оқытудан бастайды. Сонымен қатар, Шымкент қалалық жедел-жәрдем бөлімінде дәрігер болып, қайнаған ортада әбден шыңдалады.
Бастапқыда Түркістан қаласындағы «Ақмарал» клиникасында кардиология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған дәрігер 2015 жылы «Жаңақорған шипажайы» АҚ-ға кардиолог болып орналасады. Сол уақыттан бүгінге дейін аталмыш мекемеде абыройлы қызмет атқаруда. Оның қызмет көрсетуі мен біліктілігіне емделушілер де дән риза.
– Осы сауықтыру орталығына Алматы қаласынан келдім. Шипажай көңілімнен шықты. Дәрігерлердің ем дайындап, кеңес беруі, ем алушыларға көрсеткен ілтипаты өте жақсы, – дейді дәрігер қаралуынан шыққан ем алушы Балайым Әлімбетова.
Көпшіліктің көңілінен шығып, өз ісінің маманы атанып жүрген кейіпкеріміз білімін жетілдіруді де естен шығарған емес. Ол Алматы, Астана, Қызылорда қаласында қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады.
– Медицина ауыр сала. Адам денсаулығына тікелей жауапты болғандықтан, біліктілікті жетілдіріп отыру маңызды. Негізінен, әр дәрігер жиі тәжірибе алмасып отыру керек. Сонда ғана біліктілігі артады, – дейді дәрігер.
Бір күнде ең көбі 40-тан аса ем алушыны қабылдайтын кардиологтың жұмыс кестесі тығыз. Өйткені, бүгінгі қоғамда өршіп тұрған қан қысымы, жүрек ауру сияқты дертке шалдыққандардың көбі осы дәрігердің көмегіне жүгінеді.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
27 маусым 2018 ж. 1 612 0