№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есеп-2018: Қосүйеңкі ауылдық округінде қандай жұмыстар атқарылды

Есеп-2018: Қосүйеңкі ауылдық округінде қандай жұмыстар атқарылды


Көш керуені Қосүйенкіге табан тіреді. Қайнар бұлақ пен Ақтөбе бұлағының бойында орын тепкен ауылдың тіршілігі тынық көрінгенімен, ішіне бұққан сыры көп секілді.
– Жуырда ғана жарық көрген, аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінде жарияланған әкім Жанай Жанпейісовтің баяндамасында өрескел қателік бар екенін аңғардым. Онда биыл 480 тонна шөп жиналды деп көрсетілген. Бұл шөп қоймасының сиымдылығына шақ келмейді, – деді Әбутәліп қажы Бакиров.
Қажының сөзіне көпшілік таңданысын жасырмады. Оның сөзін аудан әкімі жан-жақты зерделеп, цифрды нақтылауға жұмыс істейтінін түсіндірді.
Әкім есеп беуі кезінде мал басы артып, елдің әлеуеті жақсара бастағанын айтты. Оның баяндамасынан ұққанымыз, ауыл тұрғындары тек малмен күн көріп отырғанын түсінуге болады. Қорадағы азын-аулақ төрт түлігін түлетіп отырған тұрғындардың түйіткілі мал ұрлығы. Осыны сөз еткен Жергілікті полиция қызметі басшысы Ербол Әлімбетов қылмыстық іс-әрекеттер туралы айта келе, Қосүйеңкі ауылдық округінің уческелік инспекторы Марат Жанпейісовтің жұмысына баға берді. Ол жыл соңына дейін 35 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Қосүйеңкідегі 5 қылмыстың біреуін ашып, төртеуін аша алмаған. Қосүйеңкіде мал ұрлығымен қоса әйел зорлау фактісі тіркелген. Жиында әйелі опық жеген Пірімбет Қалдыбаевтың үні қатқыл шықты.
– Біздің ауылда қылмыс күннен күнге өршіп, әйел зорлау орын алды. Жаңа ғана естігіненіміздей, 5 қылмыстың 4-і ашылмай тұрғанынан-ақ, полицияның қызметін бағамдауға болады. Неге, қылмыс ашылмайды? – деп өкпе-ренішін білдірді.
– Төрт қылмысқа байланысты тиісті шаралар жүргізілуде, – деп жауап берді жергілікті полиция басшысы.
Ауыл Тұрғыны Тұрдалы Мырзахметов ауылға мықты тәртіп сақшысы керектігін айта келе, кәсіпкерлік бағытта несие алу жолдары жайлы сұрап, ет өнімдерін өткізу пунктін ашу туралы өтінішін жеткізді. Аудан басшысы тұрғынның өтінішіне орай, «өңірілік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымынан несие рәсімдеуге болатынын айтты. Ауыл азаматы Руслан Рүстемов өзіне тиесілі жердің құжатын рәсімдей алмай жүргенін айтты. Оның сауалына аудан әкімі Ғалым Әміреев жеке қабылдауға келіп, мәселесін тыңдауға уағдаласты.
27 қаңтар 2018 ж. 1 432 0