№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ШУАҚТЫ КҮНДЕГІ ШАТТЫҚ

ШУАҚТЫ КҮНДЕГІ ШАТТЫҚ


Халықаралық әйелдер күні мерекесінде аудандық перзентхана шаттыққа толды. Көктемнің шұғылалы күні алты шаңырақ қуанышқа бөленді. аналарды құттықтау үшін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов перзентханаға арнайы барды.
Перзентханада ауданның бас дәрігері Сәулебек Ысқақов күтіп алып, шаттық мекеніне жол бастады.
– Былтыр бала туу көрсеткішінде облыста алдыңғы қатарға шыққан едік. Бұйыртса, биыл одан да жақсы нәтижеге қол жеткізетін боламыз. Себебі, бала туу көрсеткіші жоғарылап келеді. Әсіресе, наурыз айы берекелі басталды. Шүкір дейік, перзентханадан естілген шараналардың үні жиі естілуде.
– Мереке қарсаңында қанша бала дүниеге келді? – деді Мәжит Байқожаұлы.
– Алтау. Оның төртеуі ұл, екеуі қыз бала.
– Бала мен ананың денсаулығы қалай?
– Аналарының да жағдайы жақсы. Жақын арада шығып қалады, – деген Сәулебек Есхожаұлы мереке қарсаңында аруларға тосын сый жасағанын тілге тиек етті. Иә, Әлшекей атындағы өнер мектебінің ұжымы күмбірлеген күйден перзентханаға ерекше сый тарту етті. Сыңғырлаған домбыра үнімен тербелген аналардың көңіл-күй көтеріңкі.
Меймандар аналарды перзентті болуларымен құттықтап, сый-сыяпаттарын ұсынды.
Аналар мерекесі күні сүйінші сұрағандар көп болды. Өз туғандарын жағымды жаңылықпен қуантқандардың бірі – Жанар Зарерова. Бесінші мәрте ана атану бақытына ие болған кент тұрғыны перзентіне Аяулым есімін беріпті.
– Бұл есімді үлкендер еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасына аяулы да, ардақ тұтар қызы болсын деген ниетте қойды. Қазір қызымның денсаулығы жақсы. Енді Аяулымның тәлімді тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасаймын, – деп қуанышымен бөлісті. Ал, Қожакент ауылының тұрғыны Ұлжалғас Құдайбергеннің бұл нәрестесі тұла бойы тұңғышы. «Тұңғышы иманды болсын» деп Иманәлі қойыпты.
– Мерекеде ана атанып отырмын. Ең алдымен, Жаратқанға шүкіршілік етемін және ақ халатты абзал жандарға, аудан басшылығына алғысым шексіз. Жұмыстарына жеміс, шаңырақтарына береке тілеймін! – деді ағына жарыла жас ана. Шолпан Мырзатаева, Қарлығаш Мейірбекова, Мақпал Айтөреева және Айда Әбдімәлік те атаулы күнде ана атанған бақытты жандар.

Әли ТЕМІРБЕК.
13 наурыз 2018 ж. 1 225 0